Қырғызстанға қайтыс болған балаларды ұшақпен әкеледі

cover Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қырғызстанға қайтыс болған балаларды тасымалдау үшін ұшақ жібермек, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жүргізілуде. Қаза тапқандардың мәйіттерін жеткізу үшін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош қаласына ұшақ жөнелту мәселесін қарастыруда» делінген хабарламада.


Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ош облысы Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел салдарынан кәмелетке толмаған екі Қазақстан азаматы қаза тапты. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалған деп саналады.

Оларды Қырғызстанның құтқарушылары іздестіріп жатыр.

«Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Бұл қайғылы оқиға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында» деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі. 


ҚР Министрі Мұрат Нұртілеу әріптесі министр Жээнбек Құлыбаевқа телефон шалды. Олар төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар