Қырғызстанда шамандыққа, көріпкелдікке тыйым салынды

cover Фото: freepik.com

Қырғызстанның министрлер кабинеті  бірқатар жарнамалық істерге тыйым салды, деп хабарлайды Orda.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанда үкімет спиритизмді, көріпкелдікті, шамандықты жарнамалап, қызметін бағалауға тыйым салды. Бұл тізімге аккредиттелмеген емдеу де кіреді.

19 шілдеде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көріпкелдер мен сиқыршылар қызметін жарнамалауға тыйым салатын заңды мақұлдаған.

Заң өз пайдасына қол жеткізу үшін белгілі бір мәселелер шешімін ұсынатын кез келген сиқырлы немесе басқа да сенімсіз әдістермен қызмет көрсету кезінде азаматтардың санасына айла-шарғы жасауды жоюға бағытталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар