Қырғызстанда алғаш рет Шыңғыс Айтматов туралы көркем фильм түсіріледі
Фото: Sputnik.kg
Қырғызстанда алғаш рет прозашы, сценарист, драматург Шыңғыс Айтматов туралы көркем фильм түсіріледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәдениет министрлігінің мәліметінше, фильмді жас режиссер, қоюшы-оператор Қаныбек Қалматов түсіреді. Ол жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы көркем фильм түсіруге ресми түрде эксклюзивті құқыққа ие болды.
«Жоба кәсіби ортада қызығушылық тудырды. Қаныбек Қалматов Шыңғыс Айтматовтың өмірбаянын таспалауға ресми түрде эксклюзивті рұқсат алды. Тиісті құжатқа Қырғызстан халық жазушысының ұлы Эльдар Айтматов қол қойды», деп хабарлады ведомство.
Жаңа жоба Шыңғыс Төреқұлұлының өмірінің негізгі кезеңдері туралы толықметражды өмірбаянын баяндайтын драма болмақ. Нақты оқиғаларға негізделген фильм 2026 жылы жарыққа шығады.
Қаныбек Қалматов — қырғыз кино тарихындағы ең көп табыс әкелген «Бейиш эненин таманында» фильмінің бас операторы болды.
Айта кетейік, қазақ көкпары 2026 жылы Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарынан шеттетілді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды