Күкірт қышқылы төгілгенде эвакуацияланған ауыл тұрғындары үйлеріне оралды

cover ҚР ТЖМ

Кербұлақ ауданының 46 тұрғыны, оның ішінде 18 бала үйлеріне оралды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге – бір шақырым қашықтыққа сүйреліп шығарылды.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізді, сынамалар ауаның қалыпты шектерде екенін көрсетті» делінген хабарламада.


Қазір мамандар залалсыздандыру шараларын жүргізуде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кербұлақ ауданындағы Малайсары вокзалында вагон цистернасында диаметрі 25 мм жарық пайда болып, жыртылған клапаннан күкірт қышқылы аққаны анықталған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар