Құрылыс салушы Атырау жұртын жүздеген миллионға алдап соқты

cover Фото: Pixabay.com

Атырауда 2020-2023 жылдар аралығында жалған келісімшарт арқылы сатып алушыларды алдаған «Andora Construction» ЖШС директорына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, жосықсыз кәсіпкер 25 адамның қалтасын үптеп үлгерген. Негізінен аталған серіктестікте пәтер сатуға рұқсат құжаттары да болмаған.

«Олар 25 азаматқа 313 миллион теңгенің пәтерін сатқан», деп мәлімдеді Бас прокуратура.


«Andora Construction» ЖШС директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған мемлекеттік мекеме «Nazik Group» ЖШС мен «Атамекен Тұрғын үй»  кооперативінің құрылтайшысы «Family Town» және «Baisanat Residence» компаниялары директорларын дәл осындай әрекеттері үшін соттаған.


«Биыл прокурорлық қадағалау аясында 2 құрылыс салушыға 1 миллион теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,  деп нақтылады мемлекеттік мекеме.


2024 жылдың мамыр айында «ISA Group» ЖШС құрылыс компаниясының инвесторлары ел президентіне төрт жылға созылған «Сұлтан», «Мұрагер» және «Аққала» тұрғын үй кешендері құрылысын аяқтауды тездетуді талап етіп, бейне үндеу жолдаған болатын.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар