Құлыбаевтар Halyk Bank акцияларын қаншаға сатты?
Фото: Halyk Bank баспасөз қызметі
«Алмэкс» холдингі Halyk Bank акцияларының 7,6 пайызын 475,41 млн долларға сатты. Акциялар халықаралық және қазақстандық биржаларда саудаға шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл көрсеткіш бастапқы жоспардан да көп. Бұған дейін акционерлер пакетінің тек 4 пайызын сатуды жоспарлаған еді.
KASE берген мәліметке қарағанда:
«SPO кезінде инвесторларға 121,8 млн қарапайым акция 298,66 теңгеден, ал 17,6 млн жаһандық депозитарлық қолхат (ЖПҚ) 23 доллардан ұсынылды. Бір ЖПҚ — 40 акцияға тең. ЖПҚ-ның 17,4 миллионы шетелдік институционалдық инвесторлар сатып алған. Қалған ЖПҚ мен барлық қарапайым акцияларды қазақстандық инвесторлар иеленді».
Сатылымнан түскен ақша толықтай «Алмэкске» бағытталады. Банк бұл қаржыдан ештеңе алмайды.
Халықаралық орналастыруды аяқтау және ЖПҚ-ны Лондон қор биржасына шығару 25 қарашаға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында сауда 26 қарашада басталады. Орналастыру аяқталған соң, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың үлесінде Halyk Bank акцияларының 62 пайызы қалады.
2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Halyk Bank-тың таза пайдасы 809,9 млрд теңге болған.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Halyq Bank атауына «халық сөзін» қолдану заңға қайшы деп есептейтінін айтты. Оның айтуынша, «халық» сөзі кейбір салымшыларды шатастыруы мүмкін. ҚРҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова бұл мәселенің құқықтық жағы қаралатынын айтты.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ