Құлсарыда митинг аяқталғаннан кейін интернет қалпына келтірілді

cover Фото: Orda

Атырау облысының Құлсары қаласында митинг аяқталды. Тұрғындар бүгін кешке әкімдік алдындағы алаңнан тарқасты.

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлайды.

Митингке қатысушылар шатырларды жинап алып, орталық жолды ашты. Қазір тұрғындар бүлінген баспананы бағалау туралы келісімге қол қойып жатыр.

«Жылыой ауданы әкімдігі Құлсары тұрғындарына бүлінген тұрғын үйлерге келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін алғыс білдіреді. Алдымызда үлкен және өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр»,-  деп түсіндірді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Естеріңізге сала кетейік, Құлсары тұрғындары бүлінген баспананың әр шаршы метріне 400 мың теңге төлеуді талап етіп, жеті күн бойы наразылық танытқан болатын. Ұзақ уақытқа созылған наразылықтарға қарамастан, олардың талаптары орындалмады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар