Қуандық Бишімбаев түрмеде отырып қанша табыс табады
Коллаж: Orda.kz
Адам өлтіргені үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев алимент мөлшерін азайтуды сұрап, түрмеде табысы жоқ екенін алға тартқан. Алайда сот оның «кедейлігіне» сенбей, алимент төлеу міндетін күшінде қалдырды.
Orda.kz экс-министрдің нақты қанша табыс табуы мүмкін екенін және оның иелігінде қандай активтер қалғанын зерттеп көрді.
Бұған дейін біз Қуандық Бишімбаевтың арызы қанағаттандырылмағанын және ол балаларын асырауға арналған алиментті бұрынғы мөлшерде төлей беретінін жазған едік. Астана қалалық сотының баспасөз қызметі бұл шешімнің мән-жайын түсіндірді.
Белгілі болғандай, Бишімбаев бұрынғы әйелімен 2020 жылы нотариалды түрде бекітілген келісім негізінде белгіленген алимент мөлшерін азайтуды сұраған. Ол үш кәмелетке толмаған баласын асырауға ай сайын 1,6 миллион теңге төлеуге міндеттелген. Бұл төлемдер әр айдың 20-сынан кешіктірілмей түсіп тұруы керек.
Егер Қуандық Бишімбаев осындай қаражат төлеуге келіскен болса, оның ай сайынғы табысын шамамен есептеуге болады.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 139-бабына сәйкес, үш және одан да көп балаға төленетін алимент төлеушінің табысының 50 пайызын құрайды.
Осы логика бойынша, Қуандық Бишімбаевтың ай сайынғы табысы шамамен 3,2 миллион теңге болуы мүмкін. Алайда бұл қаржы сот шешімі емес, ерікті түрде жасалған келісім бойынша белгіленген. Сондықтан оның нақты табысы бұдан да көп болуы ықтимал. 1,6 миллион теңге – Назым Қахарманмен өзара келісілген ақша ғана.
Orda.kz бұған дейін сотталған экс-министрдің активтері туралы жан-жақты жазған болатын. Қуандық Бишімбаевтың туыстары келесі компанияларға иелік етеді:
Ezy Park – жылжымайтын мүлікті жалға беру және пайдалану саласында жұмыс істейді,
«Sapa Logistics» ЖШС – қоймалау және сақтау қызметтерімен айналысады,
«Техникалық лицей» жеке мекемесі,
«Alawwal Partners Ltd» ЖШС – қаржылық қызмет көрсетеді,
«Success ABN» ЖШС – құрылыс жобаларын әзірлеумен айналысады.
Сондай-ақ Бишімбаевтың анасы мен әпкесі Астана мен Шымкент қалаларында жылжымайтын мүлікке иелік етеді.
Былтыр Астанада Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляциялық іс қаралды.
Еске салсақ, экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев үкіметті сынға алып, кадрлық шешім қабылдауға уәде берді
- Трамп Гренландия мен Канаданы АҚШ-қа қосып алған «әлемнің жаңа картасын» көрсетті
- Тоқаев Нұрайдың өлімінен кейін Шымкент полициясының жұмысына баға беруді тапсырды
- Конституциялық сот судьяларын президенттің ұсынуымен парламент бекітетін болады
- «Кәсібиліктің жоқтығы мен немқұрайлылық» — Тоқаев медсақтандыру қорындағы былықтар туралы айтты
- Президент алаяқтар мен жемқорлардың жымысқы әрекетін алдын алуды тапсырды
- Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өткізіледі
- Елімізде жаңа билік органы — Халықтық кеңес құрылды
- Бірпалаталы парламентке «Құрылтай» деген атау беріледі — Тоқаев
- Тоқаев Құрылтай төрінде Самұрық-Қазына қорына сын айтты
- Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз бостандығы мен әйелдердің заң саласына араласу мәселесі көтерілді
- Қызылордада тарихи Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
- Түркістан облысында 6 және 8 жастағы қыздарды өгей әкесі жылдар бойы зорлап келген
- Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті
- Молдова ТМД-дан шығу процесін бастады
- Ақмола облысында шахтада ер адам қаза тапты
- Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
- Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды
- Алматыда үй иесін байлап, қарақшылық қылған 2 адам ұсталды
- «Терезеден жағылған қанды көрдік»: Талғарда әйелін өлтірді деген күдіктіге қатысты тың деректер