ҚТЖ Қайрат Қожамжаровтың інісін сотта жеңді
Фото: Әлеуметтік желіден
«ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың інісі Дулат Қожамжаров иелік ететін «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» (HILL) компаниясына қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат «За нами уже выехали» Telegram-арнасында жарияланды.
Өткен жылдың соңында «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» мен HILL компаниясы дизель майын жеткізу туралы келісімге қол қойған. Шартқа сәйкес, өнім толық көлемде 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеткізілуі тиіс болған. Алайда компания міндеттемесін толық орындамаған.
1 тамызда мемлекеттік органдар өнім жеткізушілеріне тексеру жүргізіп, бұл компания жұмысына кедергі келтірген. Осыдан кейін HILL сотқа жүгініп, келісімді бұзуды сұраған. Ал «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» 46 миллион теңге аванс пен айыппұлды қайтаруды талап етті.
Компания өз кезегінде айыппұл төлеуден бас тартып, дизель майының 40 пайызы жеткізілгенін алға тартты.
Сот шешімі бойынша, «HILL» компаниясы «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» пайдасына 45 769 957 теңге аванс, 50 401 768 теңге айыппұл және 2 885 152 теңге мемлекеттік баж өтемақысын төлеуге міндеттелді.
Дулат Қожамжаров – кәсіпкер, «HILL Corporation» компаниясының жалғыз құрылтайшысы. Компания жанар-жағармай материалдарын өндіреді.
Тамыз айында Аягөз қаласындағы локомотив депосында ішкі тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 133 миллион теңгеден астам дизель отыны ұрланғаны анықталған.
Жаңалықтар
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?