Ксения Собчак сыныптастары зорлаған баланы қамқорлыққа алды

cover

Ресейлік журналист Ксения Собчак бірнеше зорлаудан аман қалған Тувалық баланы оңалтуды ұйымдастырғанын хабарлады.

«Тувада жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың бүкіл отбасын Мәскеуге апардым. Бала елордадағы ең жақсы ауруханаға оңалтуға жіберілді. Мен мұны жанұя өзін жайлы сезіну үшін тыныш өткіздім. Олар қазір қауіпсіздікте. Зорлаушылардың туыстарынан, қысымнан алшақ» деп жазды тележүргізуші.

Собчак «алдымен істе, кейін сөйле» қағидасын ұстанып бұл жұмыс туралы ашық айтпағанын атап өтті.

Баланың анасы Айза әлеуметтік желіде балаға ота жасау керектігін жазды. Содан кейін ол жеке психологпен жұмысын жалғастырады.

Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтарында О-Шынаа ауылында (Тува Республикасы) 3 мас жоғары сынып оқушылары 10 жасар баланы көшедегі дәретханаға сүйреп апарып, аяусыз балағаттап, кейін зорлық жайында ешкімге айтпауын талап етіп қорқытқан. Бала болған оқиға туралы үнсіз қалған, ал қаскөйлер жазасыз қалғанын сезініп, оны тағы бірнеше рет зорлаған.

Зорлық-зомбылық нәтижесінде балада хирургиялық араласуды қажет ететін ауыр денсаулық проблемалары пайда болды. Баланың анасы зорлаушылардың туыстары қорқытқанын айтты. Қазір олардың соты жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар