«Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды

cover Фото: РИА Новости/Максим Блинов

Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залындағы теракт ұйымдастырды деп күдікке ілінген Шамсидин Фаридуни өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

РИА мәліметінше, ол жазасының алғашқы 18 жылын түрмеде, қалған бөлігін ерекше режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар оған 990 мың рубль көлемінде айыппұл салынды.

Еске салсақ, теракт 2024 жылғы 22 наурызда Мәскеу облысындағы Красногорск қаласында орналасқан «Крокус Сити Холл» концерт залында болған. Қарулы адамдар ғимараттағы адамдарға оқ жаудырып, кейін залды өртеп жіберген.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, шабуыл салдарынан 149 адам қаза тауып, 609 адам жараланған, тағы бір адам хабар-ошарсыз кеткен. Келтірілген материалдық шығын шамамен 6 миллиард рубль болды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар