«Крипто-коучтердің» әлегі қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіреді – Сүлейменов
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовтің «крипто-коучтер» мен блогерлердің қызметі қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен цифрлық платформаларды пайдалана отырып, жастар мен қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениеті жеткіліксіз әлеуметтік осал топтарды (ӘОТ) «сұр» криптонарыққа тартатын блогерлер мен «крипто-коучтерге» қарсы кешенді және үйлестірілген тәсіл қалыптастыру қажеттігін қолдайды. Мұндай белсенділік көбіне тіркелмеген (лицензиясыз) криптопровайдерлер арқылы жүзеге асырылады, бұл жеке инвесторлар үшін де, жалпы қаржы жүйесінің тұрақтылығы үшін де елеулі тәуекелдер туғызады», – деді ол Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.
Сүлейменовтің айтуынша, «Жасанды интеллект туралы» заң жобасына ілеспе заңнамалық өзгерістер аясында қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізу көзделіп отыр.
«Аталған заң жобасы аясындағы түзетулер лицензиясы жоқ және тіркелмеген криптопровайдерлер арқылы криптоактивтермен операция жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізуді, сондай-ақ цифрлық активтер жарнамасына шектеулер енгізуді көздейді. Жастардың цифрлық активтерге қызығушылығының артқанын және криптонарықта «жылдам байып кету» мүмкіндігі туралы дезинформацияның кеңінен таралуын ескере отырып, Ұлттық банк бұл салада шараларды күшейтумен қатар, «жалған крипто-коучтер» мен заңсыз криптосервистердің қызметін анықтау, алдын алу және тоқтатуға бағытталған кешенді құқықтық режим қалыптастыру қажет деп санайды», – деді ол.
Осыған байланысты, Сүлейменовтің мәлімдеуінше, Ұлттық банк аталған заңнамалық түзетулер аясында тиісті құқықтық тетіктер мен нақтылауларды қарастыруды ұсынады.
Оның пікірінше бұл келесі тетіктерге:
- цифрлық активтерді реттеу негізін нығайтуға,
- азаматтардың (әсіресе жастар мен әлеуметтік осал топтардың) қорғалу деңгейін арттыруға,
және Қазақстанда өркениетті криптонарық қалыптастыруға ықпал етеді.
«Сонымен қатар, «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы аясындағы түзетулер қазақстандық криптоинвесторлардың шетелдік криптоплатформалардан қазақстандық алаңдарға ерікті түрде көшуі үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл адалдық пен ашықтық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асады. Шешім криптокапиталды елге қайтаруға, ұлттық юрисдикцияға деген сенімді нығайтуға және шетелдік немесе отандық «сұр» криптопровайдерлер арқылы капиталдың елден шығарылуына жол бермеуге бағытталған», – деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке және Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында Қазақстанда криптоактивтерді реттеу саласындағы маңызды проблемаларды атап өткен болатын.
Олар мынадай:
- тәркіленген криптоактивтерді сақтау жүйесінің болмауы,
- блогерлер мен коучтер арқылы жастардың «сұр» криптонарыққа тартылуы,
- екінші деңгейлі банктердің көлеңкелі операцияларға қатысуы,
- заңсыз криптобиржаларға қатысты әрекетсіздік сынға алынды.
Депутаттар келесі шұғыл шараларды ұсынды:
- мемлекеттік криптоактивтер резервін құру,
- крипто-коучтерді лицензиялау,
- банктерге бақылауды күшейту,
- және тіркелмеген платформаларды бұғаттау.
Бұл шаралар қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттік институттарға деген сенімді сақтауға бағытталған.
Жаңалықтар
- 17 жыл құлдықта болған Құндыздың тағы азапталғаны белгілі болды
- Жогорку Кенештің депутаты бұрынғы әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
- Шыңғыс Айтматовтың қарындасы жазушының 100 жылдығын тойлаудан бас тартуға шақырды
- Ақмола облысында мәслихат төрағасының үйін тонағандар сотталды
- Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның денесі табылды
- «Бұл істе аса қатігездік көрмедік деді»: Айзат Жұманованың туыстары Тоқаевқа үндеу жолдады
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен жанжалдың неден болғанын мәлімдеді
- Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, билік қалай әрекет етеді?
- «OrdaMed» АҚ басшылығы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді
- Семейде ер адам полицейлердің көліктерін өртеп жіберді
- Ақтөбе – Орынбор тас жолында болған жол апаты төрт адамның өмірін жалмады
- Сағи Әшімовтің жұбайы дүниеден озды
- Алматы облысында Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталық ашылады
- Шарын шатқалында жез киік үйірімен жүйіткіп жүр
- Мектептерде жасанды зердені қолдану оқыту әдістері енгізілуде
- КҚК инфрақұрылымына шабуылдан кейін ЖАҚ-3 жөндеу жұмыстары аяқталды
- Қаржы министрлігі: Алматыдағы ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн теңге
- Болгарияда алғаш рет әйел адам президент атанды
- ҚР ДСМ ауруханалар мен емханаларды жаппай тексереді
- ШҚО-да тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты