Криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиев ұсталды

cover

Криминалдық авторитет «Дикий Арман» Нұр-Сұлтандағы мейрамханада ұсталды.

Бұл туралы Orda.kz BaigeNews.kz. сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл кездесуді Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері тоқтатқан. Олардың ұсталғаны туралы видео astana_typical арнасының парақшасында  жарияланды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда Арман Жұмагелдиев пен Алиба «Семскийді» ұстаған.  

Жазбада «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев елордаға қонаққа келгені айтылады. Күтіп алушы - Алиба «Семский».

Олардың елордадағы элиталық мейрамханадағы жиындары арнайы жасақтың келуімен тоқтаған. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар