ҚР СІМ: «Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау туралы өтініш түскен жоқ»
Фото: ҚР ТЖМ
Украинадағы соғыс қимылдарының өршуіне байланысты жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Соңғы бірнеше күнде Украинадағы жағдай күрт ушығып кетті. Бірнеше айлық позициялық қақтығыстардан кейін соғысушы тараптар белсенді зымырандық шабуылдарға көшті. Жексенбі күні Ресей ең үлкен басқыншылық шабуылдарының бірін жасады.
Осыдан кейін АҚШ-тан рұқсат алған Украина ATACMS және Storm Shadow зымырандарымен Ресей аумағына шабуыл жасады. Бір күн бұрын Ресей тағы да Днепрге баллистикалық зымыран ұшырды.
Осының аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Украинадағы елшілігінің жұмысы мен азаматтарымызды эвакуациялау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
«Украинадағы елшілігіміз қалыпты режимде жұмыс істеуде. Сыртқы істер министрлігінде оқиға барысын бақылайтын ахуал орталығы бар. Біздегі деректерге қарағанда, шетелдік дипломатиялық корпус та Киевтегі жұмысын жалғастырып, әзірге өз азаматтарын эвакуацияламайды. Қазақстандықтардан эвакуациялау туралы өтініш түскен жоқ және қазіргі кезеңде арнайы рейстер де жоспарланбаған», - деп мәлімдеді Смадияров.
Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің мәліметінше, Украина аумағында 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін.
«Елдегі жағдайға байланысты нақты санды атау қиын» делінген түсініктемеде.
Айбек Смадияров бір-екі күн бұрын Қазақстан билігі атқылау жиілігінің артуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарын Украинадан кетуге шақырғанын еске салды.
«Қазақстандық дипломаттар отандастар өтініш берген кезде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Қалай болғанда да, біз жағдайдың қалай өршитініне қараймыз», - деді Айбек Смадияров.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі жолдаған ұсыныста қазақстандықтар Молдова немесе Польша арқылы Украинадан кете алатыны айтылған.
Кеңес алу үшін Украинада жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары елшіліктің консулдық бөлімінің: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031 телефондарына, ал төтенше жағдайда сенім телефонына: +380673470408 нөмірі бойынша хабарласа алады.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды