ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
Фото: gov.kz
Қазақстан Газа секторы аумағына әскери контингент жібермейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Қазақстан Газа секторына далалық госпиталі бар медициналық бөлімшелер мен бақылаушыларды ғана жібереді.
«БАҚ-та әскери контингент жіберіледі деген мәселе де талқыланып жатыр. Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның халықаралық тұрақтандыру күштерін далалық госпиталі бар медициналық бөлімшелерді, сондай-ақ азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушыларды жіберу арқылы қолдауға дайын екенін айтты. Яғни, әңгіме тек операцияның гуманитарлық көмек туралы болып отыр», – деді Жетібаев Астанада өткен брифингте.
СІМ өкілі әскер жіберу туралы шешім қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес қабылданатынын атап өтті.
Жетібаев сондай-ақ Қазақстанның «Бейбітшілік кеңесіне» қосылуына қатысты пікір білдіріп, оның айналасында «түрлі алып-қашпа әңгімелер» бар екенін айтты.
«Қазақстанның «Бейбітшілік кеңесіне» қосылуы ұлттық мүдделерге сай және диалогты дамытуға, халықаралық қауіпсіздікті қолдауға, көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саясат бағытына толық сәйкес келеді. Қаржыландыруға келсек, Қазақстан ұйымға ешқандай қаржылық жарнасыз қосылды. Жарғыда көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүше болудың шарты емес», – деді СІМ өкілі.
Еске салсақ, Қазақстан сыртқы істер министрлігі отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 946 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Сонымен қатар 4-наурызда Оман астанасы — Маскат қаласынан SCAT Airlines әуе компаниясы арқылы Қазақстанға 314 адам жеткізілді. Олардың қатарында балаларымен бірге сапарлаған жолаушылар да бар.
Оқи отырыңыз:
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды