ҚР ІІМ ескертеді: Камералар құжатсыз көлік айдағандарды анықтайды

cover Фото: gov.kz

Қазақстанның ішкі істер министрлігі жүргізушілерге жүргізуші куәлігінің, сақтандыру полисінің және техникалық тексерістің жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, қарап алып жолға шығуға шақырды, деп хабарлайды  Orda.kz.      

Ведомство өкілдері қажетті құжаттың бәрін бірнеше минут ішінде онлайн жасауға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, автоматты тіркеу камералары мұндай заңбұзушылықтарды қазірдің өзінде анықтап, мәлімет жөнелтіп жатыр екен.

Министрлікте техникалық тексеріс автокөлік жарамдылығын растайтынын, ал сақтандыру полисі жол-көлік оқиғасы болған жағдайда қорғануға көмек беретінін еске салды. Сондай-ақ жүргізушілерге куәліктің жарамдылық мерзімін тексеріп, оны кейінге қалдырмау ұсынылды.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, автоматты тіркеу камералары қажетті құжаттардың жоқтығын анықтап жатыр. ІІМ мәліметінше, мұндай шаралар ең алдымен жазалау үшін емес, қауіптердің алдын алу және адам өмірін сақтау мақсатында енгізілген.

Еске салсақ, еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайтыны туралы жазған болатынбыз. 2026 жылғы 12 наурыздан бастап камералар рөлде отырып телефонмен сөйлескен немесе қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді тіркей бастады.

Бұл жаңа тыйым емес, құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің кеңейтіліп жатқанын білдіреді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар