Қосымша құн салығын көтеру қажет - үкімет басшысы

cover Фото: Primeminister.kz

Премьер-министр қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру керегін айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бүгін, 28 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. 

Отырыста баяндама жасап, сөз сөйлеген премьер-министр Олжас Бектенов құн салығы туралы сөз қозғады.

Елімізде қосымша құн салығын 12-ден 20-% өсіру көзделген. Қазақстан қосылған құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді қарастырып жатыр екен.

Премьер-министр бағалардың күрт өсуіне жол бермейтінін атап өтті. 

Үкімет қосымша құн салығының шегін 78 млн-нан 15 млн теңгеге түсіруді ұсынып отыр. Соның негізінде 300 мың-нан астам салық төлеуші пайда болады екен. 

Бүгінгі таңда тіркелген 2,3 миллионнан астам салық төлеушілердің 137 700-і бизнес субъектісі ретінде қосымша құн салығын төлеуі керек. Бұл барлық тіркелген қазақстандықтың 6%-ын құрайды. Бірақ олардың тек 88 мыңы қосымша құн салығын төлейді.

«Біз ҚҚС шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз. Бұл сегментке айтарлықтай әсер етпейді деп ойлаймыз. Кейбір елдерде шекті деңгей одан да төмен. Осының арқасында қосымша 300 мыңға жуық жаңа салық төлеушілер пайда болады», - дейді үкіметтегілер. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы туралы өз пікірін айтты. 

«Бұл тақырып бойынша жақсылап түсіндіру жұмыстарын жүршізу керек.  түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Реформа қажет, бірақ оны жан-жақты талқылау маңызды. Сіз 2025 жылы салық кодексіне, бюджет кодексіне назар аударуыңыз керек. Қателесуге болмайды. Реформа қажет екенін растаймын, бірақ әлеуметтік салық жүйесі дұрыс әрі тиімді болуы керек», - деді мемлекет басшысы.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар