Қостанайлық құтқарушылар қарлы боранды түнде 100-ге жуық адамды тас жолдан шығарды

cover Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

23 ақпанға қараған түні боран салдарынан Қостанай облысының Амангелді ауданында «Әулиекөл-Жалдама» тас жолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тас жолдан 98 адамды, оның ішінде 18 баланы алып шықты. Алты кішкентай бала мен бір ересек адам Амантоғайдағы жылыту орталығына жеткізілді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар қар құрсауынан сегіз көлікті қауіпсіз жерге сүйреп шығарды.

Сарыкөл ауданында, Сарыкөл-Комсомол тас жолының бойындағы Соналы ауылынан бес шақырым жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері ішінде екі адам бар бір жолаушылар көлігін қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп апарды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда Қазгидромет Қазақстан бойынша біраз аймақтарға дауылды ескерту жариялаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар