Қостанайда фельдшерге шабуыл жасаған екі әйелге сот үкімі шықты

cover Фото: Ольга Ибраева, Orda.kz

Қостанай қаласының соты жедел жәрдем фельдшерін ұрған екі әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот шешімі бойынша, айыпталушылардың әрқайсысы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, олар жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Оқиға жедел жәрдем фельдшері Әнел Баймурзина шақыртуға барған кезде болған. Зейнеткерді реанимациялауға жасалған сәтсіз әрекеттен кейін зейнеткердің  екі қызы медицина қызметкеріне қол жұмсап, оған ауыр жарақат салған.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар