Қостанайда бала магнит жұтып, ауруханада қайтыс болды: Дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: gov.kz
Шілде айының басында рудныйлық үш жасар бала бірден 10 магнит жұтып қойған. Ол Қостанайдағы балалар ауруханасына жеткізілді. Бірнеше күннен кейін бала қайтыс болды. Полицейлер баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Баланы емдеп, ота жасаған Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы баланың отбасының қорғаушысы Дамир Хамитов Facebook парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің баланың өлімі туралы қорытындысы 2024 жылдың 13 қыркүйегінде алынған.
«Комиссия дәрігерлер тарапынан диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамалары түріндегі медициналық қателер мен бұзушылықтарды, кең ауқымды хирургиялық емдеудің жеткіліксіздігін анықтады. Бұл диссеминирленген тамырішілік коагуляция синдромымен сепсис пен септикалық шоктың дамуына, жедел респираторлық дистресске әкелген» деп жазды Хамитов.
Ол қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісінше орындамауының адам өліміне соқтыруы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға барлық негіз бар екенін айтады.
Адвокаттың айтуынша, олар қыркүйектің 20-сы күні 10 магнит жұтып қойған ұл баланың өліміне қатысты дәрігерлерге ҚР ҚК-нің 317-бабы, 3-бөлігі бойынша ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі ТЖК-ге тіркеп үлгерген.
«Енді талапқа сай медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлерге қатысты сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комиссиясының қорытындысы негізінде тергеу жүргізіледі» деп мәлімдеді адвокат Хамитов.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты