Қостанай халықаралық әуежайы аукционға қойылады
Биыл Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай халықаралық әуежайын жекешелендіруге дайындық шаралары жасалынып жатыр.
Ол екі рет аукционға шығарылды, бірақ аукцион жарамсыз деп танылды.
Бұл туралы Alau.kz жазады.
Соңғы рет 2018 жылы шығарылған. Содан кейін әуежай республикалық баланстан облыс әкімдігінің балансына берілді. Одан кейін ғимараттың өзін де, ұшу-қону жолағын да жөндеу басталды. Қазір қаржы басқармасының мәліметінше, әкімдік нысанды нақты қалай жекешелендіретіні шешіліп жатыр.
«Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың көптеген жолдары бар. Ол сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін болмаса тендер немесе аукцион арқылы бірнеше жолмен қойылуы мүмкін. Мемлекеттік комиссия жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардан құралып, құзырлы органдар әдістеме бойынша шешім қабылдайды» деді Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова.
Қаржы департаменті қазір жекешелендірудің барлық күшін әуежайға бағыттағаны атап өтілді. Қазірдің өзінде әкімдік акцияның 49 пайызын ғана сатуға дайын екені анық. Әуежай стратегиялық нысан болып саналатындықтан, олардың негізгі пакеті мемлекетте қалады.
Қазір ресми мәлімет бойынша кәсіпорынды бағалау жұмыстары жүріп жатыр, ол сәуір айына дейін дайын болады. 2017 жылы әуежай 862 миллион теңгеге бағаланды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды