Қоспаевтың содырлары сотта Әбдіғаппарованы 9 пәтерді алды деп айыптады

Алматы қаласында Ольга Әбдіғаппарованың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Отырыста бұрынғы «AV-Construction» ЖШС директорына тағылған жеті айыптың ішіндегі екінші эпизод талқыланды.
Orda.kz тілшісі сот отырысына қатысып қайтты.
Алмас Әбіғаппаров негізін қалаған 2016 жылдан бастап «AV-Construction» ЖШС Әл-Фараби даңғылының бойында элиталық коттедж қалашығын салуға кіріскен. 2022 жылы Алмас сотталған соң, желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін компанияны оның әйелі Ольга Әбдіғаппарова басқарған.
Құрылыс жүріп жатқан уақытта Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты өзге де атышулы іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде топ мүшелері «AV-Construction» компаниясын рейдерлік жолмен басып алды деген айыппен кінәлі деп танылған. Сол істің үкімі шыққан екі адам — Дастан Әбіжанов пен Тимур Танышев қазіргі сотта жәбірленуші тараптың өкілдері ретінде қатысып отыр. Олардың екеуіне компанияның 75 пайызы тиесілі.
16 қазанда Ольга Әбдіғаппарованың ісі бойынша алғашқы айыптау актісі қаралған болатын. Айыптау бойынша, ол күйеуі Алмас Әбдіғаппаровтың қарызын өтеуге көмектескен, бұл компанияға 418 млн теңге шығын әкелген. Оған қоса жеке сот орындаушысына төленген 12 млн теңге де шығын деп айталады. 418 млн теңге долларға шаққанда 2021 жылы шамамен 1 млн АҚШ доллары, ал 2025 жылдың соңында доллар бағамы өскендіктен, шығын шамамен 750 мың долларға дейін төмендеген.
Сотта айыпталушы Әбдіғаппарова айыпты мойындамайтынын айтты, адвокаттар шығынның нақты мөлшерін және дәлелдерін анықтауға тырысып жатыр. Өткен сот отырысы жайлы мына материалымыздан оқи аласыздар.
Осы жолғы сот отырысында компанияның тағы бір құрылтайшысы — Ольга Әбдіғаппарова қайын енесі Сәуле Жүнісбекованың қарызын жаппақ болғаны айтылды.
Сәуле Жүнісбекова — Алмас Әбдіғаппаровтың анасы. Алмас Әбдіғаппаров «AV-Construction» компаниясынан ақша жымқырғаны үшін жазасын өтеп жатыр. Сәуле Жүнісбекованың үлесі — 25 пайыз.
Сарыла күту және айта-айта жауыр болған әңгіме
Бұрынғы отырыстар секілді бұл жолы да сот процесі кеш басталды. 21 қазанда жиналғандар бір сағат бойы 22-ші және 4-ші түзеу мекемелеріндегі жәбірленуші тарап өкілдері Әбіжанов пен Танышевтің онлайн қосылғанын күтті. Хатшы қанша тырысса да, залға сыймай жәбірленушілер мен айыпталушылар қанша ашуға булықса да, олардың үнемі жоспарланған уақыттан кеш қосылды.
Судья келген соң, прокурор уақыт жоғалтпай Әбіжановтан екінші эпизод бойынша жауап алды. Бұған дейінгі отырыста бұл эпизодтың мазмұнын мемлекеттік айыптаушы оқып берген болатын. Қысқаша айтқанда, айыптауға сәйкес, Ольга Әбдіғаппарова директор қызметін атқарған кезде Сәуле Жүнісбековамен қаладағы коттедж қалашығындағы пәтерлерге байланысты алдын ала тоғыз сатып алу-сату келісімшартын жасаған. Бұл пәтерлердің жалпы құны — 806 миллион 878 мың теңге.
Әбіжановтың соттағы түсініктемесінен кейін Сәуле Жүнісбекова бұл тоғыз пәтерді өз қарызының өтемі ретінде Гүлзихан Беймішеваға беруге тиіс болғаны анықталды.
Гүлзихан Беймішева — Садық Раевтың анасы. Ал Садық Раев 2016 жылы Әбдіғаппаров және Әбіжановпен бірге Esentai City құрылысын бастаған.
Сәуле Жүнісбекованың Раевтың 15 пайыздық үлесін сатып алғанда осы Гүлзихан Беймішеваға қарыз болған. Айыптау актісінде тоғыз пәтерге арналған алдын ала сатып алу-сату келісімшарттары (жалпы құны 806 миллион теңге) Ольга Әбдіғаппароваға материалдық залал келтірді деп саналып, айып тағылып отыр.
Сол айыптың екінші эпизодында тағы бір дерек келтірілген: Әбдіғаппарова компания директоры болған кезде қаржыны өзге серіктестіктерге — жарнама агенттігі «SoliCompany» мен мейрамхана ісімен айналысатын «GrandCuisine» ЖШС-не аударып отырғаны айтылады. Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың наурызынан қарашасына дейін бұл ұйымдарға 20,7 миллион теңге жіберген.
Прокурор бұл әрекеттердің барлығын Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша «өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу» деп саралады.
Алдыңғы отырыста тоғыз пәтерге жасалған келісімшарттардың бұзылғаны туралы құжаттар іс материалдарына тіркелді.
Өткен сот отырысында 2023 жылдың сәуір айында тоғыз пәтерге жасалған алдын ала сатып алу-сату келісімшарттарының барлығы бұзылғаны жөніндегі құжаттар іске қосылды. Сотқа қатысушылар бұл құжаттармен танысып шыққан. Айыпталушы тараптың айтуынша, барлық пәтер әлі де «AV-Construction» ЖШС балансында, ешкімге сатылмаған.
Прокурор Мақсат Дурумбетов: «Әбдіғаппарова мен Жүнісбекова арасындағы тоғыз пәтерге қатысты алдын ала келісімшарттар жөнінде не айта аласыз?»
Әбіжанов: «Мұның бәрі 2016 жылы басталған. Сол кезде біз Esentai City құрылысын бастап, инвесторларды шақырғанбыз...» — деп Әбіжанов тағы да өткен отырыстағыдай баяғы жауыр болған әңгімені қайта бастады.
Алайда бұл жолы залдағылардың дереу қарсылық танытты. Айыпталушы Ольга Әбдіғаппарова шыдамай, сөзін бөліп, судьяға жүгінді. Ол прокурордан анықтау үшін нақты сұрақ қоюын өтінді, себебі Әбіжанов тағы да тақырыптан ауытқып бара жатқан еді.
Судья Жомарт Мұхамбетжан сасып қалды. Ол Әбдіғаппароваға тоқтауды ескерткенмен, айыпталушы тоқтамай сөйлей берді. Сосын судья Әбдіғаппароваға жәбірленушінің жауабын бөлуге, отырып сөйлеуге, пікірталас басталмай жатып айтысқа араласуға құқығы жоқ екенін ескертті.
Бірақ Әбдіғаппарова прокурорға қарап: «Не нәрсеге сүйеніп маған айып тағып отырсыздар?» деп сұрақ қойды.
Бұл сәтте залда отырғандар дүрлігіп кетті, судьяның да даусы қатқылдана түсті. Ол қайта-қайта айтып, Ольга Әбдіғаппарованың мұндай сұрақ қоюға құқы жоқ екенін ескертті.
Мәкіш Есқараев Ольга Әбдіғаппарованы қолдады
Ол компаниядағы үлес бөлу мен ЖШС-нің құрылу тарихын қайта көтеру — бұрынғы сот шешімін және сол кездегі айыпталушылардың түсініктемелерін жоққа шығаруға тырысу екенін алға тартты. Себебі Әбіжанов та, Танышев те сол іс бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сот бұл жолы да адвокаттың сөзін бөліп, процестің тәртібін бұзды, істі созып, «шоуға» айналдырып жатыр деп ескерту жасады. Эмоция күшейген сәтте өзге эпизодтар бойынша ашулы жәбірленушілердің сыбырлағаны зал ішінде естіле бастады. Судья тәртіпті сақтауды сұрап, куәгердің жауабын соңына дейін тыңдап, содан кейін ғана бағалау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ істің мәніне қатысы жоқ сұрақтардың бәрін алып тастайтынын айтты.
Адвокат болса, Әбіжановтан нақты мәні бар жауап талап етіп, екі түрлі түсінік туындамауы үшін соттардың шешімдері мен куәгердің жауабы құқықтық тұрғыда үйлесуі тиіс екенін айтты.
Содан кейін судья прокурорға қарап: «Іс бойынша нақты сұрақ қойыңыз!» деп ескерту жасады.
Алайда прокурор өз дегенінен қайтпай, сол сұрақты қайтадан Әбіжановқа қойды.
Әбіжанов: «2017 жылы компанияда Сәуле Жүнісбекованың үлесі 25 пайыз, ал Гүлзихан Беймішевада 15 пайыз болды. 2019 жылы Садық Раев ЖШС құрамынан шығуды қалады. Сол кезде Беймішева өз үлесін Жүнісбековаға сатқан. (Негізінде, Жүнісбекованың үлесі Алмас Әбдіғаппаровқа, ал Беймішевадағы үлес Садық Раевқа тиесілі болған. Бірақ олар өз аттарына ресімдей алмаған, себебі қарыздары болған, — деп түсіндірген еді Әбіжанов алдыңғы сот отырысында — ред.) Сол мәміледен кейін Жүнісбекованың үлесі 35 пайызға дейін өсті. Сонымен бірге олардың арасында келісім болған: Жүнісбекова өз үлесінің өтемі ретінде компаниядан Беймішеваға он пәтер сатып әперуі тиіс еді. Бірақ ол кезде пәтерлер толық салынып бітпеген. Сондықтан Алмас Әбдіғаппаров Беймішева алдындағы қарызын өтеу үшін Айбек Қоспаевтан (Елдос Қоспаевтың інісі — ред.) бір пәтерді тегін беруін өтінген. (Әбіжановтың жауабында бұл пәтердің кейін нақты кімге рәсімделгені айтылмады, бірақ оның Садық Раев пен Гүлзихан Беймішева үлесіне өткен болуы мүмкін деген болжам бар — ред.) 2022 жылы Гүлзихан Беймішева сотқа жүгініп, Сәуле Жүнісбекова өзіне 15 пайыз үлеске тең келетін қалған тоғыз пәтерді сатып әперсін деп талап қойған. Сол істің аясында олар 2023 жылдың 10 наурызында өзара татуласу туралы келісімге келген».
Осы тұсқа келгенде Әбіжанов сотқа дәл сол татуласу келісімін іс материалдарына тіркеу жөнінде өтініш білдірді. Құжат адвокатының қолында болған, ол сот отырысына офлайн қатысып отырған еді. Алайда сот бұл өтінішті қабылдамай, (бұған дейінгі отырыстардағыдай) адвокатқа іс қатысушысы мәртебесін беруден бас тартты және жауап алуды жалғастыруды талап етті.
Әбіжанов: «Сол кезде тоғыз пәтерге қатысты татуласу келісімі жасалған. Оған Ольга Әбдіғаппарова қол қойған, бірақ оны бұған ешкім өкілетті етпеген. Кейін осы келісімнің негізінде 13 сәуірде сол тоғыз пәтерді «AV-Construction» ЖШС-нен Гүлзихан Беймішеваға өткізу туралы келісімшарт рәсімделді. Алайда алдын ала сатып алу-сату келісімдері — тек сол татуласу келісіміне қосымша құжат қана. Ал татуласу келісімі әлі де заңды күшінде, сондықтан өткен отырыста көрсетілген «келісімшарттардың бұзылуы» — шын мәнінде жалған. Егер Беймішева қаласа, ол бұл пәтерлерді ала алады. Ольга Әбдіғаппарованың бұл медиацияға (татуласуға) қол қоюға құқығы болмаған. Мәселе ЖШС-ның Беймішева алдындағы қарызында емес, келісімнің сол жолмен рәсімделмеуінде. 15 пайыздық үлестің өтемін — сол үлесті алған адамдар төлеуі тиіс еді. Бірақ енді компания тоғыз пәтерден айырылып қалуы мүмкін».
Прокурор: «Қорытындысында мен түсінбедім: Әбдіғаппарова мен Жүнісбекованың арасындағы келісімнен компания пайда тапты ма, әлде шығынға батты ма?»
Бірақ байланыс сапасы өте нашар болғандықтан, Әбіжанов бірнеше минут бойы прокурордың сұрағын ести алмай, не айтқысы келгенін ұқпай қалды.
Прокурор: «Жүнісбекова бұл пәтерлер үшін ақша төледі ме?»
Әбіжанов: «Жүнісбекова үлесті алды, бірақ ол үшін төлем жасаған жоқ. Ол өзіне емес, компанияға тиесілі пәтерлермен есептеспек болды».
Ольга Әбдіғаппарова Әбіжановқа сұрақ қойды: «Мен өз іс-әрекетіммен компанияға қандай зиян келтірдім?»
Әбіжанов былай жауап берді: «Бұл зиян, шығын емес. Себебі ол тоғыз пәтердің құны бар. Егер Беймішева қаласа, ол пәтерлерді келісім негізінде талап ете алады».
Ольга Әбдіғаппарова: «Ал пәтерлер қайда орналасқан?»
Әбіжанов: «Оның маңызы жоқ. Беймішева оларды талап ете алады».
Ольга Әбдіғаппарова: «Егер пәтерлер әлі де AV-Construction компаниясының балансында тұрса, шығын құны қандай?»
Әбіжанов: «Айыптау актісінде көрсетілген 806 миллион теңге».
Әбдіғаппарованың адвокаты Мәкіш Есқараев Әбіжановке жүгінді: «Бұл тоғыз пәтер қазіргі таңда салынды ма?»
Әбіжанов: «Мен білмеймін, үш жыл бойы осындамын (түрмеде — авт. ескерт.)»
Есқараев сұрағын тағы да нақтылап қойды.
Әбіжанов: «Келісімде былай жазылған: пәтерлерден 2023 жылы — бесеуі, ал 2024 жылы — төртеуі беріледі. Яғни, Әбдіғаппарова осындай міндеттемелер алған, бірақ оны орындады ма, жоқ па, білмеймін».
Мәкіш Есқараев: «Нақтылап айтыңызшы, пәтерлер бар ма, жоқ па?»
Әбіжанов: «Компанияға келген шығын — бұл медиацияның салдары. Осы келісім бойынша Беймішева тоғыз пәтерді талап ете алады».
Судья адвокатқа сұрақты қайта қоюға төртінші рет мүмкіндік бермеді, себебі «жауап түсінікті» деді.
Әбіжанов: «2023 жылы ол пәтерлер болған жоқ. Ол кезде үйлер әлі салынбаған еді».
Мәкіш Есқараев Әбіжановтан қайта сұрады: «Ендеше, егер 2023 жылы пәтерлер салынбаған болса, олар 2019 жылы қалай пайдалануға берілді деген акт алды?»
Тіпті судьяның өзі мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес екенін айтып адвокатты түзетпек болды.
Алайда Мәкіш Есқараев өз пікірінен қайтпай, пайдалануға беру туралы дерек айыптау қорытындысында жазылған деп тұрып алды.
Судья анықтап сұрады: «Қай жерінде жазылған?» — деді.
Бірақ адвокат өз сөзін құжатпен дәлелдей алмады, сондықтан судья бұл сұрақты алып тастады.
Одан кейін Мәкіш Есқараев Әбіжановқа басқа сұрақ қойды: «Бұл пәтерлердің иесі кім?»
Әбіжанов: «Білмеймін».
Мәкіш Есқараев: «Бұл пәтерлерге меншік құқығы тіркелген бе?»
Әбіжанов: «Білмеймін».
Мәкіш Есқараев: «Онда қандай залал туралы сөз болуы мүмкін? Егер ешқандай ысырап болмаса, ал пәтерлер серіктестіктің балансында тұрса?»
Әбіжанов: «Соттағы медиация кезінде Әбдіғаппарова пәтерлерді тапсыруға келіскен, сондықтан Беймішева оларды талап ете алады!»
Мәкіш Есқараев: «Беймішева пәтерлерді талап етті ме?»
Әбіжанов: «2023 жылы талап етті, ал Әбдіғаппарова онымен медиациялық келісімге қол қойды».
Мәкіш Есқараев: «Тағы да нақтылап сұраймын, бұл тоғыз пәтер берілді ме?»
Әбіжанов: «Медиация келісіміне қол қоя отырып, Әбдіғаппарова сол тоғыз пәтерді тапсыруға міндеттеме алған».
Мәкіш Есқараев: «Егер дауды өзге тәртіппен шешуге болатын болса, неліктен сіз бұны ысырып деп санайсыз? Жүнісбекова бұл 15 пайыздық үлесті қайтара алады немесе ақшалай өтей алады ғой?»
Әбіжанов: «Егер мәселені бейбіт жолмен шешуге болса, онда әлдеқашан шешер еді. Бірақ сотқа жалған келісімдердің «жойылғаны» туралы құжаттар ұсынып отыр (бұл жерде сөз жоғарыда аталған және өткен материалда айтылған пәтерлерге қатысты келісімдер туралы — авт. ескерт.).»
Мәкіш Есқараев өз ұстанымын қайталады: «Ешқандай ысырап болған жоқ, бірақ неге Әбдіғаппароваға осы миллиондар жүктеліп отыр?» — деп сұрады.
Осы тұста судья ашуын жасыра алмай, прокурорға бұрылып, бәсең дауыспен: «Бұл эпизодтың осы іске қандай қатысы бар? Қылмыстық істің аясында неге азаматтық дауға айналып отыр?» – деп таңғалды.
Мәкіш Есқараев: «Татуласу келісім құқықтық негіздегі құжат болып санала ма?» – деді.
Әбіжанов: «Тас түскен жеріне ауыр. Сот медиация келісімі деген – ол медиациялық келісім. Сіз өзі қандай сұрақтар қойып тұрсыз?!» – деді.
Судья оның сөзін бөліп, мысқылмен астарлап сөйлемеу керегін ескертті.
Әбіжанов қысқа ғана: «Жоқ, саналмайды», – деп жауап берді.
Мәкіш Есқараев: «Ал келісімнің 5.3-тармағында, егер тоғыз пәтер берілмесе, Жүнісбекова басқа жолмен өтей алады деген шарт бар ма?» – деп сұрады.
Дәл осы сәтте судьяның есіне бұл келісім сот материалдарына тіркелмегені түсті. Ол бірден түсінді, сөз өзі қабылдамай қойған сол өтініш (іске қосуды сұраған) туралы болып отыр екен. Әбіжановтың ұзақ әрі егжей-тегжейін айтқан түсініктемелерінің бәрі сол келісімге сүйеніп айтылған болатын. Бірақ енді судья қатаң түрде ескертіп, медиация туралы ешқандай сөз қозғамауын талап етті.
Мәкіш Есқараев судьяға қарап былай деді: «Егер тоғыз пәтер Беймішеваға өтпесе, не болатынын ол сотқа ашық айтсын. Әрі сол пәтерлер бар ма, жоқ па? Соны да нақты айтсын. Қай жерден жымқыруды көрініп тұр? – деп сұрады.
Әбіжанов: «Оларды беру жөнінде міндеттеме бар, мәселе сонда», — деді.
Сондай-ақ ол пәтерлер әлі де серіктестіктің балансында болуы мүмкін екенін топшылады.
Мәкіш Есқараев: «Бұл пәтерлерді кім заңсыз берді және кімнің пайдасына берілді?» – деп сұрады.
Әбіжанов: «Мәселе мынада, Жүнісбекова 15 пайыз үлесін алды да, өзіне тиесілі емес пәтерлер арқылы есеп айырыспақ болды», – деп жауап берді.
Мәкіш Есқараев: «Егер тоғыз пәтер берілмесе, Жүнісбекова сол 15 пайыз үлесті қайта тапсыруы тиіс деген шарт бар ма келісімде?» – деді.
Әбіжанов: «Егер Беймішева қаласа, солай істейді», – деді.
Мәкіш Есқараев: «Демек, ол атқарушылық іс жүргізу аясында тоғыз пәтерді талап етуі мүмкін, не болмаса өзара басқа жолмен келісе ала ма?» – деп сұрады.
Судья бұл сұрақтардың қайталанып жатқанын айтып, адвокаттан жаңа тақырыпқа көшуін өтінді.
Сол кезде Мәкіш Есқараев істің екінші эпизодында көрсетілген өзге ұрлық деректеріне көшті: «SoliCompany» мен «GrandCuisine» серіктестіктері де осы екінші эпизодқа жатады. Жалпы 20 миллион теңге ұрланған деп көрсетілген. Осы компаниялар бойынша орындалған жұмыстардың актілері бар ма?» – деді.
Әбіжанов: «2022 жылы Ольга заңсыз түрде директор болған. Сіз атаған өзге компанияларда да директор қызметін атқарған. Демек, ол сол актілермен қалағанын істеуі мүмкін еді: қол қойып, жыртып не жойып жіберу», – деді.
Мәкіш Есқараев: «Сол актілер ресми түрде заңсыз деп танылды ма?» – деп сұрады.
Әбіжанов: «Ол директор болған жылдан бері компанияда не болып жатқанын мен білмеймін», – деді.
Мәкіш Есқараев: «AV-Construction» компаниясына бұл ұйымдар нақты қызмет көрсетпегенін дәлелдейтін тікелей айғақ бар ма, әлде тек Ольга Әбдіғаппароваға байланысты екеніне ғана сүйеніп отырсыз ба?» – деді.
Әбіжанов: «GrandCuisine» – мейрамхана желілерін басқаратын компания. Мен өз көзіммен көрдім: Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері «Пармиджано» деп жазылған бренд стакандардан кофе ішіп, арнайы контейнердегі тағам жеді. Компания қызметкерлері ондай тағамды жемейді, олардың өздеріне арналған бөлек «staff-тағамдары» бар. Сондықтан бұл тағам басқа мақсатқа пайдаланылғанына сенімдімін. Ал «SoliCompany» компаниясына келсек, аудит кезінде олардың нарық бағасынан 30 пайыз қымбат қызмет көрсететіні анықталған. Бұған қоса, Әбдіғаппарова өзге компаниялардың шот-фактурасын «AV-Construction» атынан рәсімдегені көрінетін хаттар бар», – деді.
Мәкіш Есқараев компанияның қандай да бір қызмет көрсеткен-көрсетпегенін сұрай бастаған сәтте, байланыс үзіліп кетті.
Судья отырысты тоқтатып, оны түстен кейін жалғастыруды ұйғарды. Алайда тағы да жәбірленушілердің онлайн қосылуын бір жарым сағат күткен соң, сот процесін келесі аптаға шегеруге шешім қабылданды.
Orda.kz ары қарай өтетін сот отырыстарына қатысып, ақпарат таратып отырады.
Автор: Александра Мохирева
Жаңалықтар
- «Тоқаев мырза! Бейбіт тұрғындар қаза тапты»: Ауғанстан қазақтары Солтүстікке көшуді сұрады
- Қоспаевтың содырлары сотта Әбдіғаппарованы 9 пәтерді алды деп айыптады
- Алматы мен Варшава арасында тікелей рейс ашылады
- Енді әлеуметтік желіде репост жасағандарға айыппұл салынады
- Қостанай облысында тойда 150 адам уланып қалды
- Енді ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
- Бізде ақша тым көп, содан инфляция болады – Сүлейменов
- Рудныйда телефон жөндеймін деп адамдардың есеп шотынан ақша ұрлаған ұры ұсталды
- Ақмола облысында әкесі мен баласы өртке оранған үйден үш баланы аман алып қалды
- Шымкентте бұрынғы депутатқа екінші рет іздеу жарияланды
- Қазақстандағы ең үлкен мектептің қазақ тілінде ашылуына ата-аналар қарсы шықты
- Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды қайта бастады
- Ақтөбеде танымал дәрігерді аяусыз өлтірген әріптесі 20 жылға сотталды
- Биволдың бұрынғы әйелі қазақ пен қырғыз халқын қорлағаны үшін тергеуге алынды
- 15 жастағы қызды жүкті қылған 71 жастағы туысының ісін жылы жапқан полицейлер тексерілуде
- «Дуров суға батып кетті»: ЖИ неге басқа тілден қазақ тіліне қате аударады?
- «Қайрат» Чемпиондар Лигасындағы келесі ойынды Астанаға өткізуі мүмкін
- Президент кортежі кесірінен жүкті әйел қаза тапты
- Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы заңсыз бұйрықты орындағаны үшін айыппұл төледі
- «Қайрат» Чемпиондар лигасында алғашқы ұпайын еншіледі