Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

cover Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Отырыс 2 қыркүйекке белгіленді. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58 - бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде. 

Парламент палаталарының парламенттік демалыстан кейінгі алғашқы бірлескен отырысы дәстүрлі түрде Қазақстанда жаңа саяси маусымды ашады. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар