«Қорқынышты кинодағыдай»: Ақсайда ер адам жұртты арамен кескілемек болды

cover Фото: Pexels

Түн ортасында моторлы араны қосып алып, адамдарға тап берген ер адам жұрттың жағасын ұстатты. Бұл оқиға Батыс Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақсай қаласының тұрғыны түн ішінде жанармай бекетінде дүрбелең туғызды. Бетіне бетперде киіп, қолына ара ұстаған ер адам көшедегі адамдарды қорқытып, олардың соңынан қуған. Бейнежазбадан бір жүргізушінің аяғына араның тиіп кетуіне шақ қалған сәтін көреміз. Ол дер кезінде шегініп үлгерген.

Куәгерлер бірден полиция шақырды.

«30 мамыр күні сағат 00:30 шамасында «102» нөміріне «Нефтэк» жанармай бекетінде бензопила ұстаған белгісіз адамның көлік жүргізушілері мен адамдарға шабуылдап жатқаны туралы хабарлама түсті. Ол ұсталып, уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді», — деп мәлімдеді Бөрілі ауданының полиция бөлімі.

Қазір 35 жастағы ер адамды психикалық денсаулық сақтау орталығына орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар