Қорғасқа өтудің азабы: Қытай мен Қазақстанға ортақ аймақта неге арғы беттің сауда орындары басым?
Фото: Orda.kz
«Қорғас» – халықаралық ынтымақтастық орталығы Қазақстан мен Қытайдың ортақ сауда-туризм аймағы. Қорғастан өтіп сауда жасап, арзан бағада тауар алып елімізге қайтатын азаматтарымыз көп. Мұнда қытай кәсіпкерлерімен бірге қазақстандықтар да павильон жалдап, дүкен ашып, өз тауарын сата алады. Бұл орталық 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қытай мен Қазақстан азаматтары 30 күндік визасыз режиммен кіре алады.
Orda.kz тілшілері Қазақстан — Қытай шекарасындағы халықаралық орталықта не болып жатқанын көріп қайтты. Әуелі біздің тараптан арғы бетке өтудің қиындығын баяндай кетсек.
Қазақстаннан сауда аймағына өтерде...
Қорғасқа келе салысымен көзімізге түскен үлкен көк ғимаратпен жан жағындағы 1-2 асхана мен дәретхана және кезекте тұрған қазақстан азаматтары. Тілшілердің келгенін көрген басшылық тікесінен тік тұрып қарсы алды. Ал жергілікті саудагерлер тілшілерді көре салысымен өз шағымдарын айта бастады. Төл құжат тексерісінен кейін кезекті автобус көлігін күту барысында күннің ыстығынан мазасы кеткен халық кезексіз автобусқа ағыла бастады. Осы кезде тілшілер халықтың қарапайым кезек күтіп күннен қорғанып саясында отыратын жағдай жасалмағаны көзге түсті.
Сонымен қатар Қорғаста «куәлік сату» деген бар. Сіздің куәлігіңіз болса болды кез-келген тауарды шығара аласыз.
Orda.kz тілшісі «МЦПС Қорғас» КӘК басқарма төрағасының орынбасары Дамир Қадырден осы тұрғыдан сұрағанда ол: «мүмкін емес, ондай жоқ» деп жауап берді.
Бірақ тілшілер Қытай шекарасын аттай сала куәлік сатып алушылар алдынан шықты. Журналистік эксперимент жасап сатып та көрдік. Тілшілер келеді деп барлық бағаналарды ашыпты.
«Сіздер күнде келіңіздерші. Бүгін сіздердің арқаларыңызда кезекте ұзақ тұрмай өттік», — деді саудагерлер жайын айтып.


Orda.kz тілшілері Қазақстан жақта кезекті күтіп, ары-бері өтетін саудагерлер мен туристер үшін ешқандай жағдай жасалмағанын көрді.
Тіпті аптап ыстықта кезегін күтіп отыратын көлеңке мен отыратын орындық жоқ.
Қазақстан мен Қытайға күнделікті бес мыңға жуық адам кіріп шығады. Кіру билеті 3000 мың теңге. Күніне 5000 адам кіретін болса, әрқайсысы 3000 теңгеден төледі десек, шамамен күніне 15 миллион қаржы түсіп жатыр. Бірақ әлі күнге дейін қарапайым халық үшін қарапайым жағдайдың өзі жасалмаған. Бұл қаржы қайда түсетінін және не себепті жағдай осындай екенін басшылықтан сұрап көрдік.
«Бұл қаржы Жетісу ауданына түседі. Біз келгелі бұл жақтың жағдайы едәуір жақсарып қалды. Біз цифрландыруды қолға алдық. Күту үшін жағдай жасалып жатыр. Алдағы жоспарымызда бар», — деді Дамир Қадыр.
Шекарадағы мәселелер кәсіпкерлер мен мемлекетке айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік шығын әкеліп отыр.
Бәрі әдеттегідей көрінгенімен, үш кассаның тек біреуі ғана жұмыс істейді. Адамдар ыстықта сағаттап тұруға мәжбүр. Көпшілік уайымдап, дауласып, кейбірі алға өтуге тырысады. Көрініске қарап, ыбырсып жатқан базар еске түседі. Бұл шекарадан бері өткен азаматтар «Міне Қазақстан!» деп таңқалып, шаттанып өтпейді. Кезек пен иін тірескен жұрттың арасында әбден қалжырап, жүйкесі тозып, «әйтеуір өттім-ау!» дейді.
Мысалы, 2025 жылдың мамырында Алматы облысының кәсіпкерлері шекарада 36 сағат бойы кезекке тұрған. Олардың көңіл күйі қандай болғанын ішіңіз білсін. Көңіл күй өз алдына... Бұл олардың жүкті өткізуге 15 млн теңгеден астам шығынға ұшырауына себеп болды. Қарапайым мысал ретінде, бір жүк көлігі 10 тонна тауарды кешіктірсе, нарықтағы бағаның өзгеруі мен қосымша сақтау шығындары кәсіпкердің табысын айтарлықтай төмендетеді.
Саудагерлердің айтуынша Қорғас сауда орталығы мен кеден пунктінің логистикалық қуаты тауар ағынын толық өңдеуге жетпейді. Жүк көліктері үшін жолдар мен қоймалардың саны шектеулі. Бұл тауардың кешігуіне, қосымша шығындарға және тауар сапасының төмендеуіне әкеледі.
Мысалы, кейбір кәсіпкерлер тауарларды Қытайға жеткізу үшін Алматыдан қосымша қоймалар жалдап, логистика шығынын 30–40% арттыруға мәжбүр болды.
Жергілікті сатушылардың айтуы бойынша 2025 жылы Қытайға бағытталған 28 мың тоннадан астам тауардың бір бөлігі дұрыс рәсімделмеген немесе заңсыз. Кәсіпкерлер кейде декларацияда қателіктер жасап, кеден бақылауын айналып өтуге әрекет жасайды. Бұл құқық қорғау органдарының назарын аударып, айыппұл мен уақытша тұтқындау сияқты санкцияларға себеп болды.
Көліктің кептелуі ауаға зиян келтіреді және өңір тұрғындарының наразылығын тудырады. 2025 жылы Қорғас маңында жол қозғалысының артуы мен экологиялық жағдайға қатысты жергілікті тұрғындардан бірнеше шағым түсті. Жүк ағынының тұрақсыздығы тұрғындардың күнделікті өмірін қиындатады. Мысалы, жолдағы кептелістер, ауада зиянды заттардың көбеюі т.б.
Жетісу тұрғыны Людмила, Қорғасқа тауар алуға жиі барады.
«Мен Қорғасқа айына бір-екі рет барамын. Мұнда тәртіп болғанын, осындай ыстықта кептеліс болмағанын қалаймын. Адамдар балаларымен келеді, зейнеткерлер бар. Ал жастар көбіне кімді итеріп жатқанын ойламайды. Маған бәрін реттеу қажет сияқты көрінеді. Таңертең мұнда адам көп. Сонымен қатар қазір мектепке балаларын дайындап жатқан адамдар ағылып келіп жатыр. Жағдай тіпті шиеленісті», — деді әйел.
Жалпы шекарадан өткендердің саны бойынша рекордқа жеткен көрсеткіш тоғыз мың адам болған. «жұмыс қызып жататын сағаттарда» мұнда не болып жатқанын елестету расымен қорқынышты. МЦПС қызметкерлеріне неге кем дегенде тағы бірнеше бақылаушы қосып немесе орындықтары бар шатыр қойып қоймайды деген сұраққа олар тек иығын қиқаң еткізді де, үнсіз «білмейтіндерін» көрсетті.
Қорғас арқылы өтетін сауда ағыны ел экономикасы үшін маңызды, бірақ қазіргі инфрақұрылымның жетіспейтіні, кедендегі кептелістер және заңсыз айналым аймақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан осал етеді. Осы проблемаларды шешу үшін логистика мен бақылау жүйесін жетілдіру, жаңа қойма мен жол инфрақұрылымын салу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажет.
Қорғас шекара аймағындағы сауда
Негізінен тікелей өндірушіден тауар әкелетін қытайлық сауда орындары өте көп. Қытайлық кәсіпкерлердің үлесі басым, ал қазақстандық саудагерлер сирек кездеседі. Олар Түркиядан, Қырғызстаннан, Ресей мен Еуропадан тауар әкеліп Қытайға сатады.
Бұған бірнеше себеп бар:
- қазақстандықтардың өндірісі мен тауар түрлері шектеулі, қытайлықтар арзан әрі түрлі өнімді көп әкеледі;
- логистика мен жалға алу құны қазақстандық кәсіпкерлерге тиімсіз;
- мемлекеттік қолдау мен жеңілдіктер жетіспейді.
Бұл маңға өткенде күзетшілердің көп екендігін байқадық. Екі елдің ортасындағы сауда орталығы болған өңірді «базар» болып құжынаған біздің шекарамен салыстыруға келмейді.
Қытай жақтың саудасы жүруі үшін бұл жерде бар жағдай жасалған:
- сауда орындардың бәрінде қазақтар немесе қазақша білетін азаматтар тұрады;
- юань емес ұлттың валютамыз теңгемен төлеуге болады;
- күзетшілерге дейін қазақ тілін біледі.
Қытай сауда орындарынан арзан тауар алып, елімізге әкеліп сауда жасаймын деген азаматтардың қызығушылығы ерекше.
Бастысы медициналық бөлімшелер бар. Азаматтар аяқ астынан қан қысымы көтеріліп, ауырып жатса, сол жерге барып қарала алады.
Ал Қазақстанның бер жағында кезегін күтетін саудагерлер аптап ыстықта «көлеңкелейтін жер жасап қоюды» сұрайды. Қанша дегенмен шекарадан өткен елге келушілер үшін ғана емес, жалпы адамдардың қауіпсіздігі мен жағдайы үшін медициналық бөлімшелерді көбейтіп, асханаларды өз деңгейінде ұстау маңызды дүние. Ал күзетті күшейтіп қойса, бұл шекарадан енді өте қалған азаматтарға «бұл елде заң үстем тұрады» деген ойды салар еді.
Айта кетейік, күніне бес мыңдай адам өтетін шекарадан қаржы түсіп отыратын жерде қылмыстық істер де болған. Соның бірі — атышулы Қорғас ісі. Онда бұрынғы қаржы полициясы Дәурен Кәрім мен шекарашы Мұхтар Дудуев атты азаматтар істі болған еді. Олар 17 жыл бас бостандықтарынан айырылған болатын. Қазіргі кезде аталған азаматтар өздеріне жала жабылғанын айтып, ақтауды сұрайды.
Алматы облысының тұрғыны Кәрім Дәурен Тұрлыханұлы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловқа арыз жолдаған. Арызда 2018 жылы «Алтынкөл» кеден бекетінде ҰҚК қызметкерлерінің әрекеттері мен кейін жүргізілген қылмыстық істің қолдан жасалғаны жайлы ақпарат бар.
Кәрім Дәуренұлы 2018 жылғы 16 ақпанда бірнеше адамға қатысты қозғалған қылмыстық істің әділетсіз екенін атап көрсеткен. Арызда көрсетілген ақпаратқа қарасақ, істі қозғау себебі – Мұхтар Дудуев азаматтың 100 000 АҚШ долларын ҰҚК қызметкерлеріне беруі және бұл әрекет ҚР ҚК 367-бабы, 4-бөлімі бойынша қылмыс саналады деген болжам. Алайда арыз иесі ҰҚК қызметкерлерінің өздері ақша талап еткенін, ал Дудуевтің іс-әрекеті бейнежазбаларда дәлелденбегенін атап көрсеткен.
Бұл азаматтар енді сотсыз, заңсыз ұсталғандарын айтып, қылмыстық іс бойынша әділетсіздікке ұшырағандарын дәлелдеу мақсатында толық тексеру жүргізуді сұрайды.
Еске сала кетсек, бұл азаматтар баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Толығырақ тілшіміздің материалынан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- Еліміздің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өзгерді
- Аида Балаева: жекеменшік мектептер білім сапасын төмендетті
- Алматы облысындағы күре жолдағы жол апатынан әйел адам қаза тапты
- НАТО-ның аралдағы тұрақты миссиясын барлайтын әскери топ Гренландияға келді
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды
- Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды