Қорғаныс министрлігі сарбаздардың жарақаты мен қазасына қатысты мәлімдеме жасады

cover Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің ауыр жарақаттануы мен қаза болуына байланысты хабарлама таратты.

Ведомство өкілдері әскери борышын өтеп жүрген жастарға қатысты бірнеше қайғылы жағдайды ресми түрде түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаровтың жарақат алуына және қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты оқиғалар Ұлттық ұланда болған және оның қарулы күштерге қатысы жоқ. 2024 жылдың 13 мамырында 29108 әскери бөлімінде болған мерзімді әскери қызметші Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Ата-аналарға жан-жақты қолдау мен материалдық көмек көрсетіледі» делінген министрліктің ресми хабарламасында. 


Қорғаныс министрлігінің өкілдері тергеудің объективтілігіне ведомствоның өзі де, марқұм жас жігіттің ата-анасы да мүдделі екенін, ал тергеу барысын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар