Қонақ үй бизнесі: пәтер жалдау қымбаттап, арзан хостелдерге сұраныс артып келеді
Сурет ашық дереккөзден
Қазақстанда қонақ үй бизнесі өркендеп келеді, бірақ өзінің әлеуетін толық пайдаланбай отыр, деп хабарлайды Orda.kz Бірінші несиелік бюроға сілтеме жасап.
Өткен тоғыз айда қонақүйлер мен хостелдердің кірісі 175,7 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын бұл сома 36 пайызға аз болған.
Табыстың өсуі бірнеше факторларға байланысты: қонақ үй қызметтеріне сұраныс арта түсті, сонымен қатар тұру бағасы да өсуде.
Жыл ішінде жатын орын саны (тәулікке есептелген шартты баға) 9,7 миллионға дейін өсті. Тәуліктік жатын орынның орташа құны 11 мың теңгеге дейін өсті.
Сұраныспен қатар осындай орындарда тұру саны артып келеді. 1 қазанға қарай бұл көрсеткіш төрт мыңнан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе артық.
«Егер олардың әлеуеті толық пайдаланылса, орналастырушылардың кірісі бұдан да көп болуы мүмкін еді. Орналастыру нысандарының бір реттік сыйымдылығы 208,4 мың төсек-орын. Бірақ бұл орындардың төрттен бірі ғана қолданылған», - деп атап өтті Data Hub.
Сонымен қатар, қонақ үй қызметтеріне сұраныстың артуы барлық жерде бірдей емес. Қолайлы жағдайы аз жерлерде келушілер көп. Алты ай ішінде түнемелік орындардың 83% осындай мекемелерде берілген, бұл сегіз миллион сұраныс деген сөз. Қалған 17% (1,7 млн бірлік) төрт және бес жұлдызды люкс қонақүйлер.
Мәселе, әрине, бағада. Ыңғайлы жағдай жасалған орындарда бір күн орта есеппен үш есе қымбат. Жайлылық бағасы 10,2 мың теңге мен 32,6 мың теңге аралығында.
Жаңалықтар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады