Көмір бағасы қаншалықты өседі?
Фото: pixabay.com
Көмірдің бағасын қалыптастырудағы негізгі рөл — кеніштен тұтынушыға дейін жеткізу, соның ішінде теміржол тасымалдары атқаратын шығындарға қатысты.
Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі брифинг барысында хабарлады.
Министірліктің өнеркәсіптік комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов көмірдің кеніштердегі бағасы жеткізушіге байланысты тоннасына 7,1 мыңнан 9 мың теңгеге дейін өзгеретінін айтты.
Өңірлердегі тұтынушылар үшін көмір бағасы 8 мыңнан 26 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Жолмағамбетовтің айтуынша, көмір кеніштеріне жақын орналасқан елді-мекендерде көмірді арзанырақ бағамен сатып алуға болады. Өйткені, оның құнына айтарлықтай тасымалдау шығындары кірмейді. Алайда, теміржол тармақтары жоқ және көмірді жеткізу үшін дизельдік отынды пайдалану қажеттілігі бар алыс өңірлерде көмір бағасы айтарлықтай жоғары болады.
Атап айтар болсақ, «Шұбаркөл Көмір» компаниясының көмірі тоннасына 8 мың теңге тұрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 900 теңгеге қымбат. «Қаражыра» компаниясының көмірі тоннасына 8,7 мың теңге, яғни 200 теңгеге қымбаттады. Ал «Майкүбен-Вест» компаниясы көмірдің тоннасын 7750 теңгеден сатады, өткен жылмен салыстырғанда 650 теңгеге қымбат. «Шұбаркөл премиум» маркалы көмірінің бағасы тоннасына 9 мың теңге деңгейінде сақталды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?