«Көміп тастаймын»: Студентті директордың орынбасары соққыға жықты

cover Фото: freepik.com

Шымкентте колледж студентін директордың орынбасары соққыға жыққан, деп хабарлайды Orda.kz.

Студенттің миы шайқалып ауруханаға түскен.  Ата-аналардың айтуынша, директордың орынбасары ұлдарды жертөлеге кіргізіп алып, сағаттап ұрған. Олар мұғалім туралы әлеуметтік желіде әзілдескен көрінеді. Оқиға «Парасат» колледжінде болған.

«Бетімізден де, денемізден де аямай ұрды, құлаған кезде аяқпен де тепкіледі. Қазыбек ағайдан таяқ жеп жатқан кезде үлкен курстың студенттері қарап тұрды, ал сол жерде болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің біразынан шапалақ та жедік. Негізінен соққыны Қазыбек ағайдан алдық, ұрып жатқан кезде ол кісі «егер арызданатын болсаңдар, көміп тастаймын» деді», - дейді студент. 

«Парасат» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған жағдайды мойындамай, жоққа шығарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар