«Қолы сынып, миы шайқалған»: Астанада бір қыз дұрыс ерттелмеген аттан құлады

cover Фото: Threads / dianakaini

Астана маңындағы ат спортына арналған клубта жазатайым оқиға болды. Бір қыз бала дұрыс ерттелмеген аттан құлап жараланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Астанадағы ат спортына арналған клубтардың бірінде атпен серуендеу кезінде бір қыз аттан жығылды. Қыздың айтуынша, нұсқаушы ер-тоқымды дұрыс тартпаған көрінеді.

«Ат желдіре бастағанда ер-тоқымнан мықтап ұстап алдым. Бір кезде оның аттың бүйіріне қарай сырғып бара жатқанын сездім. Кенет жерге жығылып, бірнеше рет аунап түстім. Қатты қиналып, көзіме жас алып нұсқаушыға жедел жәрдем шақыруды өтіндім. Бірақ нұсқаушы менің көлігіме қарай кетті. Мен далада 15 минуттай жалғыз жаттым», — деді жәбірленуші. 

Кейін нұсқаушы қайтып келіп, жәбірленушіні оның көлігіне отырғызып, ауруханаға жеткізген. Қыздың қолы сынып, миы шайқалған. Беті көгеріп, жансызданып қалған. 

Қыздың анасы дереу мекеме иесіне хабарласады. Бірақ клубтың иесі дөрекі жауап қатқан.

Сондай-ақ, басшылық өз кінәсін мойындаудан бас тартып, «білмесе атқа неге мінеді?!», деп өздеріне шүйліккен. 

Енді қыздың отбасы әділдікке жету үшін сотқа жүгінбек. 

Айта кетейік, Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 17 жастағы қызды туысы бір жыл бойы зорлап, достарына «сатқан». Зорлық көрген бір жылға жуық уақытта «клиенттер» саны ондаған адамға жеткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар