«Қолы байлаулы адам өзіне қол жұмсай ма?»: Арман Дүйсеновтің жұбайы Тоқаевтан араша сұрады
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сазгер Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық арыз жолдап, әділдік сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ол «TalkLike» бағдарламасында айтты
Айсұлу Айданқызының айтуынша, 2024 жылғы 7 қазанда олардың 21 жастағы ұлы Абылай Дүйсен отбасылық пәтерде екі қолы артына байланған және мойнынан сүйеп байланған күйде табылған.
«Екі қолы артына байлаулы адамның өзіне қол жұмсауы мүмкін бе? Тергеу барысында көптеген дерек анықталды, бірақ нақты шешім әлі жоқ. Бостандық аудандық полициясы да нақты жауап бере алмады», – деді ол.
Анасының айтуынша, Абылайдың өліміне байланысты бірнеше іс тіркелгенімен, тергеу толық аяқталмаған. 2025 жылғы 24 қазанда Бостандық аудандық соты Айсұлу Айданқызыны, оның 13 жастағы баласын және 83 жастағы әкесін тұрып жатқан пәтерден шығаруға қаулы шығарған.
Пәтерге таласып отырған Мұқаш Санжар тергеу кезінде оны сатып алмағанын, тек Абылайға қарыз бергенін және пәтерді кепіл ретінде алғанын мойындаған. Бұл дерек 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі тергеу сотының қаулыларында көрсетілген.
«Сот сатып алу-сату келісімін жарамсыз деп тануға тиіс еді. Ал ватсап жазбаларында Санжардың Абылайға 65 миллион теңгені өте жоғары пайызбен бергені анық көрінеді. Сот шешімі заңға қайшы», – деді Айсұлу Айданқызы.
Ол президенттен істің әділ қаралуына ықпал етуін сұрады: «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сот төрелігінің әділ болуына көмектесуіңізді өтінемін».
Сондай-ақ Айсұлу Айданқызы күйеуінің қайтыс болған күні болған оқиғаларды да баяндады. Оның сөзінше, сол күні Калелхан Иманмәди телефон шалып, Арманның жағдайы нашар екенін айтып, зауытқа тез келуді сұраған.
«Зауытқа жеткенде жедел-жәрдем тұрды. Ұлыммен бірге екінші қабатқа көтерілдік. Арманның бетін жауып қойған. «Не болды?» дегенімде, жүрегі тоқтап қалды деді. Арман ешқандай жертөледе қайтыс болмаған. Бұл тіркелген дерек», – дейді ол.
Айсұлу Айданқызы сонымен қатар зауыт аумағында студия болмағанын атап өтті.
«Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой. Балалар таң намазына дәрет алған, Арман ағасының диванда жатқанын көріпті. Оятқанда тұрмаған», – деп толықтырды сазгердің жұбайы.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?