«Коллекторларға қатаң талап»: Жаңа заң борышкерлерді қалай қорғамақ?
Фото: freepik.com
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің жұмысы жаңа ережелер бойынша реттеледі. Енді олар әрбір борышкердің өтінішін тіркеп, қабылданған шараларды, сондай-ақ төлем шарттарын өзгертуден бас тарту себептерін нақты көрсетуге міндетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл борышкерлердің құқықтарын қорғауға және өндіріп алу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 26 ақпанда қабылдаған №8 қаулысы коллекторлардың қарызды реттеу тәртібін нақтылап, олардың атқарушылық іс жүргізу аясындағы әрекеттерін жүйелендіреді. Бұдан былай борышкерлер коллекторларға өз құқықтары туралы толық хабардар етуі тиіс.
Сонымен қатар, Агенттікке мәлімет тапсыру талабы алынып тасталды, себебі алдағы уақытта бұл процесс автоматтандырылады. Өзгерістер 10 күннен кейін күшіне енеді.
«Қаулыға сәйкес коллекторлық агенттіктер борышкерлердің келіп түскен және қаралған өтініштерінің есебін жүргізуге, сондай-ақ қолданылған реттеу шараларын және берешекті өтеу шарттарын өзгертуден бас тарту себептерін тіркеуге міндетті болады. Бұл борышкерлермен өзара іс-қимыл процесінің ашықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте осы мәліметтерді Агенттікке ұсыну міндеті жоспарланған автоматтандыруға байланысты алып тасталады», — деп жазды агенттік.
Қаулының толық мәтіні «НҚА эталондық бақылау банкі» порталында қолжетімді.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты