Көктайғақ салдарынан еліміздің жеті күре жолында қозғалыс тоқтады
Сурет ашық дереккөзден
Көктайғақ пен қарлы боран салдарынан еліміздің бірқатар облысының күре жолдарындағы көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 16 желтоқсан күні таңғы сағат 4-те Жамбыл облысында нөлден төмен температурада жаңбыр жауып, жолдарда қалың көктайғақ пайда болған. Осыған байланысты облыстағы жолдар қайта жабылды.
«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (нөлден төмен температурада жауын-шашын, қарлы боран) төрт облыста: Алматы, Жамбыл және Түркістан, сондай-ақ Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жеті учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Жабылған учаскелер туралы толық ақпаратты жақын арада Көлік министрлігі береді» деп хабарлады министрлік.
Еске сала кетейік, Алматы облысында Алматы-Ташкент-Термез тас жолы жабылған болатын. Бұған дейін синоптиктер 16 желтоқсанда Қазақстанның алты облысында көктайғақ күтілетінін ескертті.
«16 желтоқсанда сағат 08:50-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (нөлден төмен температурада жаңбыр, қалың көктайғақ) республикалық маңызы бар А-2 Алматы - Ташкент - Термез жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды ( 59-дан (Жаңақұрылыс ауылы) 143-ші шақырымға дейін (Жамбыл облысының шекарасы)» деп хабарлады Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазгидромет 16 желтоқсанда Қазақстанның алты облысында көктайғақ болады деп болжап отыр. Синоптиктердің мәліметінше, Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Тағы екі облыс – Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының жолдарында жүру қауіпті болады.
Алматы облысының таулы аймақтарында да көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының тау бөктерінде тұманға байланысты жолдардағы қозғалыс қиындайды.
Ал Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды