Көкшетауда үйлену тойы күні күйеу жігітті өлтірген адамға сот үкімі шықты
Фото: Zhest.kz
Көкшетауда қанды оқиғаға қатысты сот үкімі шықты. 22 жастағы Диас Сәкеновті үйлену тойы күні өлтірген ер адам сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 12 қарашада болған. Диас Сәкенов үйлену тойын өткізіп жатқан. Сол жерде тек оның қонақтары ғана емес, басқа адамдар да болған. Кикілжің осы бөгде топпен туындап, айыпталушы Б. марқұмға үш рет пышақ сұққан. Бір пышақ жүрек тұсына тиген. Жедел жәрдем жетіп үлгермей Диас оқиға орнында көз жұмған.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот айыпталушының әрекетін бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіру деп таныды. Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бейнебақылау жазбаларымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Қылмыс мас кезде жасалған.
Сот айыпталушыны 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот марқұмның отбасы пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды