Көкшетауда бір адамды соққыға жығып, микронесие алдыртқан үш жас жігіт сотталды
Фото: Pixabay
Көкшетауда бір адамды соққыға жығып, ақшасын, телефонын тартып алып, микронесие алдыртқан үш жас жігітке сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметінше, сотталушылар бір-бірімен таныс болған. Жәбірленуші Т. әлеуметтік желілерде танысқан қызбен кездесу үшін Көкшетауға келеді. Қыздың құрбысы алыстан келе жатқан адамнан «қауіптеніп» жалдамалы пәтерге апаруды ұсынады. Ақыры қыздар Б. есімді жігіттен жалдамалы пәтер тауып апаруды сұрайды. Ал Б. жалғыз келмей өзімен бірге тағы екі жігітті ертіп келеді.
Б. мен серіктеріне алыстан келе жатқан адамды бопсалау жайлы арам ой келеді.
Ақыры 3 жігіт жәбірленушіні көлікке отырғызып, айдалаға алып барып, ұрып-соғады. Кейін олар қайтадан пәтерге келіп, заңсыз әрекеттерін жалғастырады. Жәбірленуші оларға 110 мың теңге тұратын ұялы телефонын және 25 мың теңгесін береді. Сонымен қатар төрт микронесие рәсімдеуге мәжбүр болады.
Жоғарғы соттың мәліметінше, қылмыстың басы-қасында болған Ш. төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Б. тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Д. есімді азамат бопсалауда кішігірім рөл атқарғаны үшін оған үш жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сот қылмыс жасау кезінде пайдаланылған Mitsubishi Pajero Sport көлігін тәркілеу туралы шешім қабылдады. Сотталғандар 19 мен 23 жас аралығындағы жігіттер.
Айта кетейік, кеше, 3 қыркүйек күні Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөлімінің есепшілері 3,7 миллиардтан астам бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды