Көкшетауда академия оқытушысының мәйіті кеңседен табылды

cover Фото: Depositphotos.com

Көкшетауда азаматтық қорғау академиясының оқытушысы кеңсесінде өлі табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында 23 жастағы офицер-оқытушының денесі табылды. 

Полиция ұсынған мәліметке қарасақ, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облысының полиция департаменті себептер мен мән-жайлар анықталып жатқанын мәлімдеді. 

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі бұл оқиға марқұмның кәсіби қызметімен байланысты еместігін айтты. 

Еске салайық, Алматыда жүк көлігі қағып кеткен 7 жастағы қыз мерт болды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар