Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді

cover Фото: facebook парақшасынан

Бауыржан Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы facebook парақшасында хабарлады.

«Құрметті көкшетаулықтар! Мен Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеттім. Біз қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастамаларды іске асыра алдық деп ойлаймын»  деп жазды Ғайса әлеуметтік желідегі парақшасында.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі қала басшысының өз шешімі туралы әлеуметтік желіде жазғанын алға тартып, Көкшетау әкімінің қызметтен кеткенін ресми растамады.

Ғайса Көкшетау қаласының әкімі болып 2021 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Бұған дейін Зеренді ауданы әкімдігін басқарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар