«Қоғам ақымақ емес»: Аида Балаева Бишімбаевтың ісі туралы тағы да пікір білдірді
Коллаж: Orda.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Елімізде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне «тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік. Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау көбіне жұмыс істемейді. Біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның жайын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық норма мен қағидаға қайшы, өтірік әрі қоғамдық сананы манипуляциялаумен айналысатын адамдар қоғамнан шеттетіледі. Өйткені қоғам ақымақ емес»,—деді министр.
Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, заңсыз қасақана бөтен адамның өліміне әкелу»;
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – «Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру».
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?