«Кінәсін мойындамады»: Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шақыруды талап етті
Қайырымдылық қорына жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Айыптау актісі жарияланғаннан кейін ол кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мен айыптау актісімен келіспеймін. Онда келтірілген дәлелдер негізсіз. Тергеушілердің қиялы үшін жауап бере алмаймын. Алдағы сот отырыстарында бұл айыптауларға жауап беремін», – деді сот залында Перизат Қайрат.
Сондай-ақ ол «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін өз бетімен құрмағанын айтты.
«Айыптау актісінің алғашқы абзацында менің анаммен бірге қор құрғаным және құжаттарды қолдан жасағаным айтылған. Алайда бұл қор бастапқыда партия бастамасымен, нақтырақ айтқанда, Бауыржан Байбектің жетекшілігімен құрылған. Құрылтайшылар қатарында мен ғана емес, партияның бұрынғы және қазіргі өкілдері де бар», – деді ол.
Сот отырысында Перизат Қайрат Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті сотқа шақырып, одан жауап алуды талап етті.
Бұған дейін прокурорлар Арман Кезекен мен Мадина Оразалина айыптау актісін жария етті. Онда Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның аса ірі көлемде алаяқтық және алдын ала сөз байласу арқылы ақшаны заңдастыру бойынша айыпталып отырғаны айтылды.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты