Әкімдіктен журналисті шығарып жіберген күзетші істейтін агенттік лицензиясынан айрылды

cover

Алматы полиция департаменті әкімдік ғимаратынан журналистті күштеп алып шыққан күзетші қызмет ететін агенттікке берілген лицензияны қайтарып алды.

Лицензияның кері қайтарылуына түсініктеме бере отырып, ішкі істер министрінің қоғамдық кеңесшісі Жеміс Тұрмағамбетова Orda.kz-ке бұл әкімшілік іс жүргізу жалғасатындығы туралы айтты.

– Біздің шенеуніктер емес, «чинушилер» жұмыс істеуді үйренбеген. Ол (Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі) өзі кездесуді тағайындап, өзі қашып кеткен. Журналистің жүйкесі шыдай алмады. Көрдім, ол турникет астынан өтіп кетті – бұл дұрыс әдіс емес, бірақ, шенеуніктерден ақпаратты күтем дегенше кез келген әрекетті күтуге болады. Бұл жерде мен толығымен журналистер жағындамын, – деп мәлімдеді Тұрмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, 24 тамызда Алматы әкімдігінің күзетшісі ғимараттан «Хабар 24» телеарнасының журналисін көтеріп алып шыққан болатын. Кейін әкімдік күзетшінің қызметтік міндеттерінен шеттетілгенін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар