Сыныптасының қолынан қаза тапқан оқушының ісі бойынша тың деректер пайда болды
Алматы облысы Қырғауылды ауылындағы орта мектептің түлегі сыныптасының қолынан қаза тапқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Orda.kz тілшісі мектепке және қаза тапқан оқушының үйіне барып қайтты.
Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні болған. Оқушылар жалға алған коттедждің есігіне мөр басылған, кіруге рұқсат жоқ.
Бұл демалыс орны экс-прокурордың меншігінде екен. Бұл демалыс орны туралы көршілері айтып берді.
«Бұл үйді ылғи жалға береді. Бағасы бір тәулікке шамамен 100-120 мың теңге. Саяжайдың иесі бұрын қала прокуроры болған, қазір зейнеткер. Бір бұл емес, осы көшенің бойындағы талай үйді сатып алған», – дейді саяжай маңындағы көршілер.
Тұрғындар күзеті жоқ саяжайда бір күні жанжал болатыны анық еді деп отыр.
«Таңғы сағат бесте жұмысқа шығып едім, 7-8 полиция көлігі тұр екен. Не болды деп сұрап едім, адам өлді деді. Саяжайды жалға берген соң оны күзету керек, демалушылардың қауіпсіздігіне назар аудару керек. Бұл жерге кім келіп, кім кетпей жатыр», – дейді Шолпан есімді көрші.
Orda.kz тілшісі саяжайға кіруге рұқсат болмаған соң, екі оқушының мектебіне барып қайтты.
Мектептегілер екі оқушының да жақсы оқушы болғанын айтты. Екеуі де үлгілі отбасынан шыққан. Мектеп әкімшілігінің бұл кеш туралы хабары болмапты. Екі оқушы да ешқандай есепте тұрмаған. Оқу үлгерімдері де жақсы.
Қаза тапқан оқушының құрдастары өте жуас екендігін айтты. «Орда» дереккөзі оқушының әкесі жалдамалы жұмысшы, анасы балабақшада медбике болып жұмыс жасайтынын айтты. Екі жылдан бері баланың ата анасы ажырасқан, бөлек тұрады екен.
Қайғыдан қан жұтқан анасына көңіл айтып, болған оқиға жайлы уәжін белуге барған тілшілерімізді үйіне кіргізбеді.
Еске сала кетейік, орта мектептің 11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтпек болып, Қырғауылды ауылының маңындағы «Dolan hills» коттеджін жалға алған. Оқушылар көңілді кеш жайлы ата-аналарының whatsapp чатына фотолар жіберіп, жағдайдан хабардар етіп тұрған. Алайда екі оқушы дауласып қалып, бірі екіншісіне кәуап пісіретін темірді (шампурды) сұғып алған. Оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Екі оқушының да ата-анасы қарапайым еңбек адамдары екен. Полиция сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінген бозбаланы оқиға орнында ұстады.
«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті деп танылған жәбірленушінің сыныптасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді облыстық полиция департаменті.
Білім басқармасына ұсыныс енгізілген.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?