Кеннеди денсаулық сақтау министрі болып тағайындалады

cover Фото: Hans Pennink / AP Photo

Дональд Трамп денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрі қызметіне кіші Роберт Кеннедиді ұсыну туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Тиісті хабарламаны Трамп X әлеуметтік желісінде қалдырды. Оның айтуынша, барлық америкалықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы кез келген әкімшіліктің басты басымдығы болады.

Министрлік зиянды химиялық заттардан, ластаушы заттардан, пестицидтерден, фармацевтикалық препараттардан және диеталық қоспалардан халықты қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, деп қосты Трамп.

Еске салсақ, кіші Роберт Кеннеди АҚШ президенті болған Джон Кеннедидің туған інісі.

Сонымен қатар, Трамп өзінің болашақ әкімшілігіне алғашқы тағайындауларды жариялады. Ол Флорида сенаторы Марко Рубионы Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындады. Сондай-ақ, Трамп Пентагон мен Орталық барлау қызметінің жаңа басшыларын атады. Бұған қоса, ол Илон Маскқа жаңа құрылған тиімділік департаментін басқаруды ұсынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар