«Келісіп қойдық»: Шерзаттың сотында судья желідегі бейнежазбаларға қатысты қаулы шығарды
Фото: Orda.kz
Талдықорғандағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты соттың бүгін кезекті отырысы өтті. Судья желіде тарап кеткен күдіктілердің бейнежазбасына кім кінәлі екенін айтты. Сонымен қатар күні кеше үзіліс кезінде «келісіп қойдық» деген сөз жазылған диалогына қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Судья Ержан Жанұзақов 29 сәуірде өткен тікелей эфирден кейінгі желіде тарап кеткен күдіктілердің бейнежазбасы туралы жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесін жариялады.
«Қызметтік тексеріс кезінде сот барысында онлайн трансляция бойынша таратылған техникалық қызметкерлердің түсірілімді уақтылы тоқтатпағаны, соның нәтижесінде күдіктілердің бейнежазбасы эфирге шыққаны анықталды. Нәтижесінде техникалық қызметкерлер Рүстем Муксинов, Назира Оразалиева, Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды», – деді судья.
Сонымен қатар, Жанұзақов күні кеше әлеуметтік желіде тарап кеткен, күдікті мен тағы бір белгісіз адамның түскі үзіліске кетердегі диалогтардың аудиожазбасына қатысты сот жекеше қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Айта кетейік, сот отырысы кезінде эфирге екі ер адамның түсініксіз әңгімесі жазылып қалды. Әдетте үзіліс жарияланған кезде барлық микрофондар өшіріледі.
— Жылап жіберуге аз-ақ қалдым ғой. Бәрін дұрыс айттым ба?
— Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама. Мен бәрімен келісіп қойдым.
Бұл әңгіменің кімдердің арасында болғаны әзірге белгісіз.
«Сот процесіне қатысы бар адамдардың екі ұшты сипаттағы әңгімесі бар бейнежазба тарап кеткеніне қатысты сот жекеше қаулы шығаруды қажет деп тапты. Прокурор бейнежазбаның шынайылығын, диалогқа қатысушылардың кім екенін, олардың сөзінің мазмұнын анықтап заңға сәйкес тиісті шара қабылдауы тиіс», – деді судья Ержан Жанұзақов.
Жалпы сот аяқталуға таяп қалды. Қазіргі таңда сот қылмыстық іс материалдарын зерттеп жатыр. Тараптар тергеу барысында жиналған бейнежазбаларды, жазбаша құжаттарды және басқа да деректерді саралап жатыр.
Одан кейін сотта Шерзаттың әкесі — Қаржаубай Нұрымов тағы да жауап береді. Оны қайтадан жауапқа шақыру туралы өтінішті қорғау тарабы білдірді. Сондай-ақ, бүгін сотталушы тараптың өтініш хаты бойынша келесі сот отырысына жауап беруге Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиеваны шақыруды судья қанағаттандырды. Оның соттағы жауаптары екі түрлі болған соң, беттестіру қажет болып тұр. Адвокат Мейірман Шекеев келесі отырысқа Бишембиевамен сөйлесіп, алып келуге тырысатынын айтты.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды