Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
Фото: Бейнеден кадр
Әзербайжанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі президент Ильхам Әлиевтің отбасын бопсалаған адамды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz Oxu.az сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері блогерлер Мехман және Эмин Гусейновтар, сондай-ақ Габиль Мамедов президенттің келіні Алена Әлиева туралы жалған мәліметтер тарата бастаған. ІTV эфирінде президент отбасының беделіне нұқсан келтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдары мен тергеу нәтижелеріне негізделген сюжет көрсетілді.
Іс материалдарына сәйкес, шетелде тұратын адам әлеуметтік желілер, электронды пошта және шетелде тіркелген ұялы байланыс нөмірі арқылы Әзербайжанның жоғары лауазымды тұлғаларымен байланыс орнатуға тырысқан. Ол Алена Әлиеваның жеке өміріне қатысты делінген материалдарды жариялаймын деп қорқытып, 5 миллион еуро талап еткен.
Тергеу нәтижесінде Әзербайжан азаматы Ф.С. ұсталып, бопсалау әрекетін мойындап, толық түсініктеме берді. Оның айтуынша, ол Мехман Гусейновпен байланыс орнатуға тырысып, одан бейнематериалдар сұраған. Кейін бұл материалдарды делдалдар, соның ішінде Эльман Әлиев арқылы алған. Материалдарды алған соң, ол Әлиевтер отбасын бопсалауға кіріскен.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды