«Қазспецэкспорт» РМК шенеуніктері миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Қаржы мониторингі агенттігі «Қазпецэкспорт» кәсіпорнының лауазымды тұлғалары мен олар бақылайтын заңды тұлғалар басшыларының ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар әскери және әскери-техникалық тауарларды сатып алу кезінде бір миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді.
«Лауазымды тұлғалар Бас әскери прокуратураның келісімімен ұсталды. Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырмаларын орындау аясында бағаны жоғарылату арқылы ұрлық жасаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады ҚМА.
«Қазспецэкспорт» РМК Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қамтамасыз ету мақсатында үкімет қаулысымен құрылған және қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүлікті әкелу және әкету салаларында жұмыс істейді.
Компания сайтында көрсетілгендей, оны Арман Рамазанов басқарады. Бас директордың орынбасарлары ретінде Аршат Аяғанов пен Сәтім Тастайбеков көрсетілген.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды