Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
Фото: Muftiat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық жасап, елге үлгі болған 94 жастағы Сағадат Жұмабаевқа алғыс білдіріп, оған қасиетті қажылық сапарына жолдама сыйлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Павлодарда тұратын қария Сағадат Жұмабаев 13 жылдан бері облыс орталығында өмір сүріп келеді. Бірнеше жыл бойы қажылыққа бару үшін қаражат жинаған қария кейін денсаулығына байланысты бұл сапарға бара алмайтынын түсініп, жиған 3 миллион 600 мың теңгесін мұқтаж жандарға таратып берген.
«3 миллион 600 мың теңге жинап едім. Сол ақшаны баласы науқас 30 анаға бөліп бердім», — дейді Сағадат Жұмабаев.
Қарияның бұл ісі әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бас мүфти оның ізгілігін жоғары бағалап, ақсақалға Меккеге қажылық жасауға арнайы жолдама ұсынды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады