Қазақтар шоғырланған Гүлістанға әуе соққысы жасалды: Ирандағы қандастар көмек сұрады
Фото: Pexels
Израиль әскерінің Ирандағы этникалық қазақтар көп қоныстанған Гүлістан аймағын бомбалағаны туралы ақпарат тарады. Ирандағы қандастар Қазақстаннан көмек сұрап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға жайында қоғам белсендісі Бурахан Дақанов Facebook парақшасында жазба жариялады. Ол былай деп үндеу тастады:
«Қолымнан не келеді, ағайын? Қолдан келер көмегімді көрсетуге тырысамын. Бірақ еліне жанашыр, билік басында отырған азаматтар үн қосса деймін. Жағдайға бей-жай қарамайтын жандарды белгілей отырыңыздар. Қазір бәрі лайк арқылы естіледі. Осы бейнежазбаны таратып, назар аудартайық. Ирандағы қандастарымызға қолдан келгенше көмектесейік!».
Ирандағы ақсақалдардың айтуынша, егер Қазақстан үкіметі қолдау көрсетсе, олар елдің солтүстік өңірлеріндегі бос ауылдарға қоныстануға әзір. Қазірдің өзінде 50–60 отбасы көшуге дайын екендерін мәлімдеп отыр. Тіпті алғашқы тізім жасала бастаған.
Кейбір қандастар қоғам белсенділеріне тікелей хабарласып, жағдайларын жеткізіп жатыр.
«Маған хабарласып: «Үніміз болыңызшы, аға» деп жазып жатыр. Оларды бір ауылға шоғырландырып, жағдай жасап бере алсақ қой, шіркін! Бірақ, әттең тонның келтесі-ай...» – дейді Бурахан Дақанов.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды