Қазақстанның үш аймағында діни радикалдар құрықталды

cover Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында 3 діни радикалды құрықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, полиция мен прокуратура органдарының қолдауымен Қазақстанның үш өңірінде — Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар ұсталған. Оларға терроризмді насихаттауға қатысты күдік келтіріліп, қылмыстық кодекске сәйкес бабпен тергеу басталды.

Ұсталғандардың бірі шетелде террористердің лагерінде білім алып, Қазақстанға «тапсырмамен» қайтып келген. Алайда оны уақытында анықтап, түрмеге тоғытқан. Ол жазасын өтеп, босап шыққанымен, көзқарастарын өзгертпей, заңсыз әрекеттерін жалғастырған.

Тағы екі күдікті бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау, есірткі заңсыз сатып алу және сақтау үшін сотталған. Олардың тексерулер кезінде экстремистік әдебиет пен басқа да заттай дәлелдер табылған.

Бұған дейін ҰҚК 2024 жылы Қазақстанда 130-дан астам діни радикалдың ұсталғанын хабарлаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар