Қазақстанның тағы бір ауқатты адамы алтын өндіруге лицензия алды
Фото: Pixabay
«Алтыналмас» компаниясының басшысы Владимир Жұманбаев Қарағанды облысындағы жаңа кен орнында алтын өндіруге лицензия алды, деп хабарлайды Orda.kz.
13 мамырда KASE сайтында жарияланған құжатқа қарасақ, «Алтыналмас АҚ» Ақтоғай ауданында орналасқан Бақтай кен алқабын игеру құқығына ие болды. Компания Алтын іздейтін учаскенің ауданы шамамен 7 шаршы шақырым болады (бүкіл кен алқабының жалпы ауданы — 206 шаршы шақырым). Лицензияның мерзімі 5 жыл.
«Алтыналмас» кен орнын игеруге жыл сайын кемінде 6 783 АЕК (2025 жылы 26 млн 670,7 мың теңге) салуы тиіс. Сонымен қатар, компания пайданың бір пайызын ғылыми зерттеулерге және жыл сайын 10 мың АЕК аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына аударады.
«Алтыналмас» – голландиялық Gouden Reserves B. V мен бизнесмен Владимир Жұманбаевқа тиесілі Қазақстанның ірі алтын өндіруші кәсіпорындарының бірі. Бұрын компания Тимур Құлыбаевтың бизнес-империясында болған. Ал Владимир Жұманбаев Forbes-тің 2025 жылғы қазақстан бойынша жасалған тізімінде 21-ші орында тұр, оның байлығы 472 млн долларға бағаланады.
Еске сала кетейік, тілшіміз Шерзат ісінде «Чика» лақап атымен танымал болған азаматтан сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады