Қазақстанның мұнай қоры енді қанша жылға жетеді?
Коллаж Orda.kz
Қазақстанда барланған мұнай қорын қазіргідей өндіру жалғасатын болса, тек бірнеше онжылдыққа ғана жетуі мүмкін.
Бұл туралы мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің telegram арнасында хабарлады.
Ол «ҚазМұнайГаз» статистикасына назар аударды. Қазақстандағы мұнайдың қалған қоры қазіргі таңда 2 млрд 745 млн тоннаны құрайды. Бұл ел тәуелсіздік алғаннан бері өндірілген мұнай көлемінен әлдеқайда көп (2 млрд тонна).
Сонымен қатар, қазіргі уақытта өндірілетін мұнайдың 80 пайызы «әйгілі үштік» кен орындарына — Теңіз, Қашаған, Қарашығанаққа тиесілі.
«Алдағы он жылда елдегі орташа мұнай өндіру көлемі жылына 105 млн тонна болуы тиіс. Шамамен, қазіргі мұнай қоры 25–30 жылға ғана жетеді», — деді Нұрлан Жұмағұлов.
Геологиялық зерттеу жұмыстарына жылдар бойы жеткілікті көңіл бөлінбегенін ескерсек, Қазақстанның басты үміті жаңа кен орындары болып тұр. Тайсойған, Қаратон Подсолевой, Каспий теңізіндегі Абай, Торғай Палеозой.
Бұған дейін, Қазақстан Энергетика министрлігі итальяндық Eni компаниясының «Дружба» жүйесі арқылы Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізуді бастағанын растағаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, Orda.kz 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында Қазақстанның АҚШ-қа экспорты өткен жылмен салыстырғанда 95%-ға артқанын жазған болатын.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды